astana-view

Жүрегі жұмсақ кәсіпкер

2016 жылғы 12 Ақпан
- Солтүстік Қазақстан облысы
13516 просмотров

Табысты кәсіпкердің әлеуметтік бағдарлы бизнесі 

Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданына ғана емес, одан тыс жерлерге де танымал «Стрелец А.В.» ЖК картоп өсіреді, сондай-ақ ол ірі қара малдың тезегін "Старатель" технологиялық құртының көмегімен қайта өңдеу арқылы экологиялық таза органикалық тыңайтқыш – биогумус өндіреді. Қазақстанда әзірге дәл мұндай өндіріс жоқ.  

Жас кәсіпкер аталмыш өнімімен «Қазақстанның үздік тауары» байқауына қатысты. Байқауға қатысудың құжаттық қамтылу жағын Андрей Стрелец  Кәсіпкерлікті қолдау орталығының қызметкерлеріне сеніп тапсырды. Соның нәтижесінде  оның кәсіпорны өңірлік байқауда  3-ші орын алды. Оған қоса Андрей Стрелец – республикалық  «Алтын сапа» байқауының марапаттау рәсімінің қатысушысы.

«Есіл ауданының КҚО кеңесшілеріне жемісті жұмысы мен көрсеткен көмектері үшін орасан зор алғысымды білдіремін, және де одан әрі ынтымақтаса жұмыс істейтінімізге сенемін», – деп, Андрей Стрелец филиал қызметкерлерінің жұмысына оң баға берді. 

Осы тұрғыда Андрей Викторовичтің белсенді өмірлік ұстанымы бар екенін айта кеткен жөн. Ол бизнесті дамытуға ғана емес, сондай-ақ, әлеуметтік мәселелерді шешуге де бар ықыласымен кіріскен. Ол мектепке дейінгі балалар мекемесіне 1,5 тонна картоп бөлгісі келетінін айтып, демеушілік көрсетуге  ниет білдірді. Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалымен және КҚО кеңесшілерімен ақылдаса отырып,  кәсіпкер азық-түлік мәселесі жағынан мұқтаждыққа тап болған  «Балдырған» шағын орталығына көмегін көрсетті. Филиал директоры Серік Базарбаев пен КҚО кеңесшісі Раушан Оспанова осы іс-шараны ұйымдастырып, белсенді кәсіпкер мен көмекке мұқтаж шағын орталық арасында байланыс орнатты.

«Балдырған» шағын орталығының меңгерушісі Валентина Будаева балаларға көрсеткен демеушілігі үшін А.Стрелецке алғысын жаудырды. «Мейірімді жүрек иесі», – деп атайды кәсіпкерді танитын адамдар.   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер