astana-view

Жас бизнесмендерге арналған мастер-класс

2016 жылғы 12 Ақпан
- Батыс Қазақстан облысы
10175 просмотров

Орал қаласында, «Серпін» бағдарламасы аясында, республиканың өзге өңірлерінен келген 150-ге жуық жас білім алады 

Бұл бағдарлама еңбек ресурстарын тиімді үлестіру, жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту және кадрларды толықтыру мақсатында республиканың батыс және солтүстік өңірлерінде білім алуға жеңілдіктер береді. Сонымен қатар, мамандардың есебінше, бұл оңтүстік өңірде халықтың тығыз орналасу проблемасын шеше алады.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренерлері Нұрлан Әбдірахманов пен Сандуғаш Есімова Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға», «Серпін – 2050» бағдарламалары аясында білім алып жатқан 1-2 курс студенттеріне арнап «Serpin - Start  Up» атты мастер-класс өткізді.

Аталған мастер-класс «Аламан» шығармашылық фестиваліне қатысуға дайындық аясында ұйымдастырылды. Фестивалдің мақсаты – жастарды білім алып жатқан өңірімен таныстыру, жобаға қатысушыларды өзара ынтымақтастыру, таланттарды іріктеу, патриотизмге және азаматтық ұстанымға тәрбиелеу, салауатты өмір салтын, көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыру, техникалық мамандықтарды дәріптеу, жеке кәсіпкерлікпен айналысуға баулу.      

Фестивалді өңірлік деңгейде өткізу 2016 жылғы наурыздың алғашқы онкүндігіне жоспарланып отыр. Аталған фестивалдің қазылар алқасы құрамына өңірлік кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренерлері енді.   

Мастер-классқа қатысушылар алған білімдері үшін Нұрлан Әбдірахманов пен Сандуғаш Есімоваға алғыстарын жеткізді, әрі «Serpin - Start  Up» жобасы бойынша шығармашылық фестивальге дайындықта ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға сенім білдірді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер