astana-view

Ежелгі Тараз қазіргі Тараздың дамуына көмектеседі

2016 жылғы 12 Ақпан
- Жамбыл облысы
15335 просмотров

Қазақстанның бірде бір өңірінде Жамбыл облысындағыдай мәдениет, тарих және археология ескерткішері жоқ

Алайда, ата-бабаларымыз қалдырған орасан зор мұра бүгінде іс-жүзінде тиімді пайдаланылмай келеді. Осыны ескере отырып, Жамбыл облыстық Кәсіпкерлер палатасы «Ұлы Жібек жолы» жобасы аясында туристік кластерді қайта дамыту, оның ішінде ішкі және жылжымалы туризмді насихаттау және дамыту бойынша жұмыстарды күшейтуді қолға алды.

Қазіргі Тараздың өз дамуында маңызды серпіліс жасауына Ежелгі Тараз құндылықтарының әсер ететіні сөзсіз. Туристік қаражаттарды тарту үшін өте тиімді жол бағыттарын әзірлеу, қажеті инфрақұрылымдарды жасау, қонақтар келетін мәдени орындарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында сапалы туристік өнім дайындау қажет. Себебі, егер адамдар байыса, міндетті түрде ел де байиды деген аксиоманы әлі ешкім терістеген жоқ. Ал қалтасында тұрақты валютасы бар қонақтарға қызмет көрсету үшін сауатты жолмен мың-мыңдаған жамбылдықтарды тартуға болады. Себебі, туризм экономиканың 32 саласымен тығыз байланысты екенін статистикалық мәліметтер дәлелдеп отыр. Шын мәнінде ақша аяқ астында жатыр, тек оны теріп алу керек.

Айша бибі мавзолейі, Қарахан баба және басқа да сәулет өнерінің жауһарлары әлемдік маңызға ие. Бірнеше жыл бұрын жамбылдық бес ежелгі қалашық ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді. Облыс орталығында орталық базар бұзылып, оның орнында археологиялық қазбалар жүргізіледі. Ашық аспан асты мұражайын жасау бойынша жоспарлар бар. Барлық пішіні анық біліне бастаған ежелгі Тараздың Шахристаны тағы бір үлкен ескерткішке айналып, көптеген туристерді, оның ішінде Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің қонақтарын тартады.  Бұл жұмыс әлдеқашан басталып кетті. Бүкіләлемдік көрменің көптеген турист-қонақтарын Таразға тарту үшін,  «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ жергілікті үш туристік компаниямен – «Золотой караван» ЖШС, «Бәйтерек саяхат орталығы» ЖШС, «TARAZ TRAVEL» ЖШС-ларымен меморандумға отырды.  Бұған қоса, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы кезінде Таразда тарихи-мәдени бағыт бойынша үлкен жұмыстар атқарылып, көптеген сәулет ескерткіштер, оның ішінде «Қазақ хандығы» монументі ашылған.

Сонымен қатар, өңірдің бай  флорасы мен фаунасын, экологиялық-эстетикалық, аңшылық, балық аулау сияқты туризм түрлерін дамытуды да естен шығармау қажет. Облыста өсімдік әлемінің үш мыңдаған түрі бар. Аң аулайтын орынның жалпы көлемі 13,9 мың гектарды құрайды. Онда жануарлардың 40 аса түрі өмір сүреді. 27,8 мың гектар жерді алып жатқан балық шаруашылығы қоры 81 су қоймасынан тұрады. Олардың 59-ы балық шаруашылығы жұмысына жарамды.

Туризмді дамытудың басты факторы – Жамбыл облысының аумағы арқылы өтетін әйгілі Ұлы Жібек жолы екені даусыз. «Жібек жолы» жобасына басымдық беретін туризмнің тұрақты түрде қонақтарды тартуға мүмкіндігі мол.  Өз кезегінде, ол тарихи-мәдени туризмнің түрі ретінде туристердің кең сегментіне бағытталған. Оны тиімді ұйымдастырса, өңірді тұрақты ақша ағынымен қамтамасыз етуге қабілеті зор.

«Сөзсіз, қазіргі уақытта «Ұлы Жібек жолы» брендін пайдалану Жамбыл облысы туризмнің дамытудың басым бағыты болып табылады. Өңірдің тұрақты экономикалық дамуы тек туристік қызмет көрсету есебінен ғана емес, сондай-ақ, аталған турөнім қызметін экономиканың өзге секторларына тарту есебінен де қамтамасыз етуге болады», – деді Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова.

Өңірлік палата басшылығының Жамбыл өңірі, Оңтүстік Қазақстан облысы туристік бизнес өкілдерімен бірнеше мәрте кездесулері, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшылығымен өткен жиындарында облыстағы туризмді дамыту бойынша маңызды және жоспарлы жұмыстар жүргізудің қажеттігі көрсетілді.

«Бүгінде біздің Палатаның  ұсынуымен облыс басшысы Кәрім Көкірекбаев тарихи-мәдени мұралар, туристік маршруттар, инфрақұрылымдар және басқа да жағдайлар жайлы барлық ақпараттар жарияланатын облыстың туристік сайтын жасауға қаражат бөлу мәселесін шешіп жатыр», – деді Қарлығаш Аралбекова.  

Бұдан басқа, ӨКП бастамасымен туристік кластерді әрі қарай дамыту бойынша жұмыс тобы құрылып жатыр. Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан және  жақын өңірлердегі турагенттік өкілдері үшін үш ақпараттық тур ұйымдастыруға жергілікті билік тарапынан қаржы бөлінген жағдайда, «Жамбыл туристік индустрия қауымдастығы» ЗТБ бірлесіп, туристік маршруттар әзірленеді. Оған жұмыс тобының мүшелері қатысатын болады.

Жұмыс тобы жол үсті сервисін дамыту Бағдарламасымен жанастыра отырып,  «Жібек жолы» жобасын жүзеге асыру бойынша нақты іс-шаралар әзірлейтін болады.

Кәсіпкерлік қызметке байланысты барлық мәселеде жергілікті атқарушы органдармен өзара тығыз қарым-қатынасты және ынтымақтастықты ескере отырып, Кәсіпкерлер палатасы «Жібек жолы» жобасын жүзеге асыруға және тұтасымен туризмді дамытуда  барынша жергілікті бизнестің мүмкіндіктерін тартуға белсенді қатысуды көздеп отыр.  Туризмді дамыту бойынша өңірдің кең мүмкіндіктерін толық көлемде пайдалану қажеттігі айтпаса да түсінікті нәрсе. Бұл мұнай арзандап, теңге күрт құнсызданған әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысқа лайықты жауап болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер