astana-view

Қазақстан кәсіпкерлік ісін жүргізу бойынша әлемдік рейтингте 7 сатыға көтерілді

2014 жылғы 06 Наурыз
9141 просмотров

Британдық «Legatum Institute» аналитикалық орталығы дәстүрлі бизнес–рейтингті жариялады. Оның қорытындысы бойынша, Қазақстан кәсіпкерлік деңгейі мен бизнесті жүргізу мүмкіндігі бойынша ТМД-ның көптеген елдерін артқа тастап, 55-шы орыннан көрінді.  Қазақстанда кәсіпкерлік ісін жүргізу өткен жылмен салыстырғанда 7 позицияға көтерілген.

Кәсіпкерлік индексінде 22 позиция бойынша ілгерілеу байқалады. Оның ішінде, инфрақұрылымға ақпараттық-коммуникациялық технологияны енгізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияны экспорттау, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен бизнесті бастау үшін қажетті шығындардың азаюы бар.

Рейтинг бойынша Қытай – 51-орында, Моңғолия 57-орын, Беларусь Республикасы – 58, Ресей – 61, Өзбекстан – 63, Украина – 64, Қырғыз Республикасы –  80, Әзірбайжан – 81, Грузия – 84, Тәжікстан – 94, Армения 95-орындарға жайғасқан. Рейтинг бойынша, бірінші орында, әдеттегідей Норвегия, аутсайдерлердің ішінде Африка елдері бар. Ал, тізімнің соңында Чад Республикасы орналасқан. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер