astana-view

Кооперация несімен тиімді?

2016 жылғы 18 Ақпан
- Павлодар облысы
12634 просмотров

Кооператив құрамына кіретін болса, фермерлерге банктен қаржылай көмек алған тиімді

Бұл жайлы кәсіпкерлер палатасының ауыл шаруашылығы кооперациясы мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде айтылды.

ӨКП директорының орынбасары  Серік Байсейітов атап өткендей, кооперативтерді құруға арналған дайындық жұмысы жыл басынан бері жүргізіліп жатыр.

«Өткен жылдың аяғында «Кооперациялар туралы» заң қабылданды,  2016 жылдан бастап ол заң өз күшіне енді. Облыстық Палата ауыл шаруашылығы қожайындары және екінші деңгейдегі банк өкілдерімен кездесу өткізіп те үлгерді. Анықталғандай, аймақтағы кооперативтер жұмысқа дайын, олардың құрамына облыстың үздік 50 шаруа қожалығы кіреді. Осының өзінде, біріккен кооперативтер фермерлерге шығындарын 3 еседен  10 есеге дейін қысқартуға көмектесіп жатыр»,– деді Байсейітов. 

Бүгінгі таңдағы басты тақырып ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қаржыландыру мәселесі болды, екінші деңгейдегі банк өз тұтынушыларының таңдауына байыптылықпен қарауда, кімде болсын несиесін қайтаруға кепілі бар ірі кәсіпорындармен жұмыс істегісі келеді. Сарапшылар кооператив бұл мәселенің шешімі болатынын анықтаған, себебі бұл ірі қауымдасу болғандықтан, фермерлер банк алдындағы үлкен жауапкершілікті сезініп, қаржы ұйымы үшін сенімді кепіл бола алады.

«Кооперативті қозғалыс Қазақстанда өткен жылы пайда болды,  елдегі – CҚО, Ақмола және Қостанай облыстарындағы егістік науқаны алдында алғашқы копперативтер пайда болған». Алғашқы кооперативтердің тәжірибесін несие берген банктер мен фермерлердің өзі де сәтті деп таныды. Осы жылы ҚазАгро шаруаларды қолдау ретінде 60 миллиард теңге бюджеттік несие бағыттауды жоспарлап отыр, ол қаржылар холдингтің еншілес ұйымдары мен екінші деңгейдегі банктері арасында бөлінеді. Несиені екінші деңгейдегі банк, несиелік серіктестік және Аграрлы несиелік корпорация арқылы алуға болады»,– деп атап өтті кездесуде ұлттық холдинг басқарма төрағасының кеңесшісі Бауыржан Қасенов.  

Сондай-ақ фермерлерге алынған несиелердің үлестірілуі мен жұмсалуын кооперацияға қатысушылар қаржылай құжаттарды игеруді бухгалтерлерге жүктеу арқылы бақылай алатындарын түсіндіріп берді. Кооперативтердің жұмысына жергілікті ұйымдар араласып, өз шарттарын қоя алмайды.

«ҚазАгро» өкілінің ойынша, суармалы жер белсенді дамып жатқан аймақтардағы көкөніс өндірушілер де біріге алады: олардың артықшылығы көкөніс саласында қауіп аз, мұнда бастысы нарықтық конъюнктураны ескеру керек.

Қозғалысқа бастапқы кезеңде қосылған пайдалы, сонда алғашқы кооперативтер көшбасшылық позицияда алады деп қортындылады сарапшылар. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер