astana-view

ҰКП шенеуніктерді бизнеске қарап бағалайды

2016 жылғы 18 Ақпан
9232 просмотров

Ұлттық палатада мемлекеттік органдар рейтінгі таныстырылды

Бұл жобаның мақсаты мемлекеттік органдар тиімділігіне баға беру, кемшіліктерін анықтау және болдырмау, кәсіпкерліктің дамуына кері әсер ететін әлсіз қырларын көрсету. Қоғамдық мониторинг ұсынысына сай: көлденеңнен – өңірлік кәсіпкерлер палатасы, салалық және функционалдық бөлімдер (бағалауға жергілікті атқарушы органдар, орталық мемлекеттік органдардың аймақтық бөлімшелері, құқық қорғаушы және сот жүйесі енгізілді); ал тігінен – «Атамекен» ҰКП орталық аппараты (рейтінгке ЖАО, ОАО, құқыққорғау жүйелері, сот жүйелері, ӨКП ақпараты бойынша жүргізілді).

Қазіргі уақытта қоғамдық мониторингті өткізудің жалпы методологиясын дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қоғамдық мониторинг нәтижесінде жыл сайын үздік және нашар мемлекеттік органды анықтауға болады. Бұл қоғам мен бизнестің ризашылығы,  саясат нәтижесі және қызмет көрсетуі бағаланатын болады», – деді ҚР ҰКП Әкімшілік кедергілермен жұмыс және қоғамдық мониторинг департаментінің директоры Ербол Өстеміров Ұлттық палатаның Көлеңкелі экономика және жемқорлыққа қарсы Кеңесінің отырысында.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы мониторинг жүргізуге мемлекеттік органдар таңдалып алынған. Олар көп жағдайда кәсіпкерлермен байланыс орнатып отыр және қызметтеріне көп шағым түседі. ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті мен оның аймақтық бөлімшелері, ҚР ҰЭМ Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитеті мен аймақтық бөлімшелері, ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитеті мен оның аймақтық бөлімшелері (салықтық және кедендік қызметтер, экономикалық зерттеулер қызметі); ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті мен бөлімшелері, ҚР ИДМ Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен аймақтық бөлімшелері, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті (Өртке қарсы қызмет) және аймақтық бөлімшелері, ішкі істер органдары, атқарушы органдар (жер телімдерін реттеу, МАҚҚ, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сатып алу, жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары). Одан өзге, 2017 жылы сот және прокуратура органдарына бағалау жүргізу жоспарланып отыр.

 «Осылайша ағымдағы жылдың соңына дейін мемлекеттік органдарға әділ баға беріліп, жүктелген қызмет пен тапсырманы орындау тиімділігі бағаланатын болады»,– деді Е.Өстеміров.

ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Наталья Коржова айтып өткеніндей, мемлекеттік органдардың қызметіне рейтінг жасайтын ұйымдар көп. «Бізді келесі құрылымдар бағалайды: Президент Әкімшілігі, Үкімет. Мемлекеттік органдардың өз бағалау рейтингтерінде отандық хатшылардың жеке бағалау рейтингі бар. Тағы да рейтинг жүргізудің қажеттілігі бар ма еді? Егер мәселе қандай да бір талдаулар туралы болып отырса, мәселен БАҚ жарияланымдары – оң, теріс бағалар бойынша рейтинг бар.  Бұл рейтинг енді қашан шығады? Координат жүйесінің қай жерінде екенін білуіміз керек ғой? Ал біз білеміз», – деді ол. 

Оның сөзіне Ұлттық палатаның төраға орынбасары Рүстем Жүрсінов жауап берді: «Менің ойымша, рейтингтер аздық етпейді. Бұл біздің міндетіміз, себебі «Ұлттық палаты туралы» заңға сай рейтинг – қоғамдық мониторингтің формасы. Методология өзекті мәселе екенін білемін. Бұл рейтингтің нәтижесі кәсіпкерлікті дамыту туралы баяндамаға енгізіледі. Мұны ҰКП жыл сайын Мемлекет басшысына өткізеді. Бұл елдегі кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың қарым-қатынасының көрсеткіші болмақ», – деді ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер