astana-view

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды

2016 жылғы 20 Ақпан
12550 просмотров

Кәсіпкерлердің құқығын  қорғау жөніндегі уәкілетті қызметіне  Болат Палымбетов тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз орталығы

"Мемлекет басшысының Өкімімен Болат Әбілқасымұлы Палымбетов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды", – делінген хабарламада.

Палымбетов Болат Әбілқасымұлы 1961 жылы 28 шілдеде Қызылорда облысының Шиелі ауданында туған. 1984 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехника институтын «Инженер-жүйетехник» мамандығы бойынша, 1998 жылы Еуразия нарық институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірген.

1984-1991 жылдары – "Қайсар" өндірістік кешені төрағасының орынбасары, Республикалық жүйелі зерттеулер орталығы қолданбалы зерттеулер бөлімінің меңгерушісі.

1991-1993 жылдары – "Жастар" жастар қоры кеңесінің төрағасы, "Олжа" шағын кәсіпорны директорының орынбасары. Алматы қалалық жастар ісі комитеті экономика бөлімінің меңге-рушісі, "Астана-Полис" сақтандыру фирмасының директоры.

1993-1997 жылдары – "Астана-Инвест" инвестициялық жекешелендіру қорының басқарушысы.

1997-1998 жылдары – "Астана-Холдинг" Корпорациясы" ЖАҚ-ының президенті, бақылау кеңесінің төрағасы. "Қазақстан халықтық жинақ банкі" ААҚ басқармасы төрағасының орынбасары.

1999-2001 жылдары – Атырау облысы әкімінің орынбасары.

2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және сауда вице-министрі, "ҚазТрансОйл" ЖАҚ бас директорының орынбасары, бас директоры, "Мұнай және газ тасымалдау" Ұлттық компаниясы" ЖАҚ бас ди-ректорының бірінші орынбасары.

2002-2006 жылдары– Маңғыстау облысының әкімі. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

2007- 2010  жылдары – "Меркурий" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ-ының басқарма төрағасы.

2011-2016 жылдары – "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер