astana-view

Тәуекел ет те, табысқа жет

2016 жылғы 22 Ақпан
- Ақмола облысы
9586 просмотров

«Бизнес-кеңесші» курсын тәмамдаған моноқала тұрғыны өз кәсібін ашты

Сұлулық индустриясы тектен тек тәуекелі көп кәсіп түріне жатқызылмайды. Оның үстіне қазіргі кәсіпкерлер бәсеке бәйгесінен озып шығып қана қоймай, ағынға қарсы тұрып, өзгерісі көп бизнес-ортаға тез бейімделуі керек. 

Эстетикалық бизнестің негізін қалаған кәсіпкер тұтынушыларға қызмет көрсететін тұрақты құрамды,  нарық сұранысын зерттеп, қажетті дәрі-дәрмекті сатып алу, мамандарды басқару және т.б. мәселелерді қадағалау керек.

Алайда, осы жайттарға қарамастан, Макинск қаласының тұрғыны «сұлулық» бизнесінің жағымды тұстарын ескере отырып, тәуекелге бел буады. Мәриям Рахимова жергілікті кәсіпкерлікті қолдау орталығына хабарласып, өзінің сұлулық салонын ашу жөніндегі бизнес-идеясын айтады. Кеңес берушілер оны бірден қолдап, ақыл-кеңес беріп, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» мемлекеттік  бағдарламасын қолдануды ұсынды.

Мәриям «Бизнес-кеңесші» жобасы аясында кәсіпкерліктің негіздері туралы білімін толықтырып, сертификат алды. ӨКП сарапшылары оған қажетті құжаттарды жинап, «Ақмола облысының ауылшаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ-на бағытталады.

Бизнесвуменнің өтінішін қаржы институты қолдап, ол қажетті құрал-жабдықтарды алу үшін 3 миллион теңге қаржы алады. Жақында Макинск қаласында «Mari» атты жаңа сұлулық салоны ашылды. Мұнда әйелдер мен ерлердің шашын қысқарту, шаш бояу, той және кешкі бет әрлеу, тырнақ жасау, косметологиялық процедуралар, массаж және шағын сауна қызметтері ұсынылады.

«Көптеген әйелдер өз бизнесін ашуды армандайды, мен солардың бірімін. Күш салып, қаржы құйып ашқан сұлулық салонына қала тұрғындары ыждаһатпен келеді деп үміттенеміз. Мен үшін кәсібімнің тек табысты болуы ғана емес, қоғам үшін пайдалы болуы маңызды. Себебі біз адамдардың сыртқы бейнесі мен ішкі дүниесінің үйлесімін жасауға тырысамыз,– дейді Мәриям Рахимова. – Бүгінде әйелдер арасында бизнес ашу кең таралып барады. Кәсіпкерлер палатасы секілді жаңа бизнес-идеяларды дамытып, тәжірибе алмасып, өзге табыс иелерінің тарихын насихаттайтын орталықтардың болғаны қандай жақсы».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер