astana-view

Биржа саудасының Типтік ережелері өз күшіне енді

2016 жылғы 25 Ақпан
10353 просмотров

Заңнамадағы бұл өзгерістер Ұлттық палатада талқыланды

Сауда комитеті Хатшылығы ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында мамандар ҚР Биржалық заңнамасындағы соңғы өзгерістердің талдауын ұсынды. Ол бойынша тауарлық биржаларға қойылар талап күшейтіліп, биржалық сауданың жаңа Типтік ережелерінің қабылдануы мен клирингтік қызметті регламенттеу қарастырылады.

Биржаның жаңа типтік ережелері бүге-шүгесіне дейін регламенттелген. Мәселен, тауар биржасының жұмысы мен биржалық саудасын өткізу, қосарланған қарсы аукцион режиміндегі биржа саудаларының өткізу механизмі нақтыланды, жер қойнауын пайдаланушылар мен ұлттық компаниялардың тауарлық биржалар арқылы мемлекеттік сатып алулары бойынша биржалық саудаларды өткізуінің жеке тәртібі бекітілді, биржалық қамсыздандыруды іске қосу жағдайлары мен оның көлемін анықтау тәртібі анықталды, сондай-ақ биржа саудасына қатысушылардың әкімшілік жауапкершілігі артты.

Жиында сөз алған ««ЕСЖ» Тауарлық Биржа» АҚ Басқарма төрағасы Құрмет Оразаев заңнамаға маңызды өзгерістер енгізіліп жатқанын айтты. «Көбінесе ол өзгерістер биржаларға қойылатын талаптарға қатысты. Сондай-ақ айта кетерлік жайт, биржа саудасын дамытудың бірінші кезеңінде брокерлердің жоқтығынан үлкен проблема туындаған болатын. Бүгінде Қазақстанда жүздеген лицензиялар бар. Қандай инфрақұрылымды жасасақ та, ол бірінші кезекте нарық қатысушылары үшін жасалады. Сіздердің арттарыңызда клиенттер тұрғандықтан, бұл өзгерістердің барлығы да сіздерге қатысты болады. Менің ойымша, брокерлік пул бұл нормативті-құқықтық актілерді жасауға толық атсалысып отырған жоқ. Ұлттық палата мен реттеуші бұл түзетулерді белсенді түрде талқыға салғанымен, Қазақстандағы бір де бір брокерлік компания бұл талқылауға қатыспады», – деді ол.

Ұлттық палата мен «ЕСЖ» АҚ биржа басқармасының төрағасы Құрмет Оразаев брокерлерді Қазақстанда биржалық сауданы дамытудың жаңа тұжырымдамасын талқылауға белсендірек қатысуға шақырды. «Біз қалыптасу кезеңінен өттік, инфрақұрылым жасалды, қатысушыларды тіркеу үшін барлық жағдайлар жасалды. Жекелей алғанда берілген тізімге негізделіп жасалды. Оны мінсіз деп айтуға келмес. Осы әкімшілік ресурс арқылы, біз, бір жағынан, қатысушыларды әкімшілік тәсілмен тіркесек, екінші жағынан, нарық мұнымызға жақтырмай қарағанын сіздер білесіздер. Нарық қатысушылары биржа саудасына қосымша салық ретінде қарайды. Сәйкесінше біз жаңа тұжырымдаманы биржа саудасының қатысушыларын коммерциялық тұрғыдан ынталандыратын қағидалар арқылы жүзеге асырғымыз келеді», –  деп қорытты ол.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер