astana-view

Базарларға POS-терминалдар керек емес!

2016 жылғы 29 Ақпан
- Ақтөбе облысы
8458 просмотров

«Алтай» базарының 160 кәсіпкерінің шағымын қараған Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары осындай түйінге келді

Базар жалгерлерінің ұжымдық шағымы Палатаға ақпан айында келіп түскен болатын. Бір топ жеке кәсіпкер арнайы салықтық режімді қолданатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар 2016 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыстарында POS-терминал орнатып, қолданатыны туралы ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 29 ақпандағы қаулысына наразылық білдірді.

Жалгерлердің есептеуінше, терминалды орнатудың нарықтық құны 90 мың теңгені құрайды және сауданың күрт төмендеуі, қаржылық қиыншылықтарды ескере келгенде, шамадан тыс ауыртпалық болып табылатынын, соның салдарынан олар жалға алу ақысында пайда болған  борыштарын төлей алмай отырғандарын айтты. Балама ретінде оларға терминалдарды екінші деңгейлі банктерден 20 мың теңгеге сатып алу ұсынылды, бірақ бұл үшін осы терминалдар арқылы ай сайын 100 мың теңгеге дейін комиссиялық төлемақы жүргізіліп отыруы туралы шарт қойылды. Кәсіпкерлерді бұл нұсқа да қанағаттандырмады, олардың пікірінше, өздерінің айлық табыстары банктер терминал арқылы өткізу үшін талап етіп отырған соманың жартысына да жетпейді, оған қоса, клиенттер олармен нақты ақшамен есеп айырысады.

ЖК-лер  ӨКП сарапшыларын айналым сомасы және аталған терминалды міндетті түрде орнату үшін тиісті қызметті жүзеге асыратын орынның  мәртебесі туралы ҚР Үкіметінің қаулысына өзгертулер енгізуге, не болмаса  терминалдарды орнатуды, ең болмағанда дағдарыс кезінде кейінге шегеру жөнінде ықпал етуін өтінді. Алайда, бұл ұсыныстардың қажеттілігі болмай қалды.

«Біз олардың шағымын қарадық, және де қызметтің көрсетілген түрлерінде  төлем карточкаларын қолдану арқылы төлемақыларды қабылдауға арналған құрал-жабдықты орнату және қолдануды қамтамасыз ету, сондай-ақ, төлем карточкаларын қолданып қабылдау, өзі өндірген ауыл шаруашылығы, балық аулау кәсібі өнімдерімен, жайма сөрелер, автосөрелер, шатырлар,  контейнерлер арқылы  көтерме және бөлшек сауда жасайтын, сауда базарларының территориясында жасалатын қызметке қамтылған ЖК-лер  мен заңды тұлғаларға қатысы жоқ екенін анықтадық», – деп, ӨКП-ның бөлім бастығы Руслан Қойшинов жақсы жаңалығымен бөлісті.

Оған қоса, ол қазіргі уақытта Палата Ақтөбе облыстық Мемлекеттік кіріс департаментімен бірлесіп, 90 мың теңге тұратын  POS терминалдар  және төлемақысы бір айға кері шегерілетін M-POS-терминалдар (13000-25000 теңге) жеткізу жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатқанын хабарлады. Осыған байланысты, Палата осы ақпаратты кәсіпкерлердің назарына жеткізуге ниетті және бүкіл ірі сауда үйлерін аралап шығуды жоспарлауда. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер