astana-view

1800 астаналық тұрғын көше саудасымен айналысуға тілек білдірді

2016 жылғы 02 Наурыз
10132 просмотров

Астанада сауда орындарын кәсіпкерлерге ыңғайлы шарттармен берудің және жалға берудің жаңа механизмдері пайда болды

Астаналық бизнестің жүйелік проблемалары «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевтің және Астана қ. әкімі Әділбек Жақсыбековтің қатысуымен өткен Астана қ. Кәсіпкерлерінің ІІІ жыл сайынғы конференциясында талқыланды.

Астана қ. Кәсіпкерлер палатасының жұмысы жайлы ӨКП директоры Ғани Тасмағанбетов баяндама жасады.

Ол, Астанада сауда орындарының саны мен сатып өткізілетін өнімдердің түрлері ұлғаятынын айтты. Айталық, 2015 жылы әкімдік Палатамен бірлесіп көше саудасына арналған жер учаскелерін бөлудің жаңа тетіктерін әзірледі. «Кәсіпкерлердің өтініштері бойынша 2016 жылы Астана әкімдігі бөлшек сауда нысандарына арналған сауда орындарының санын және балалар аттракциондарын орналастыруды 3 есеге, 1000 орынға көбейткен», – деп мәлімдеді Ғ.Тасмағанбетов.

ӨКП басшысының айтуынша, жаңа механизмнің ерекшелігі сауда орындарын бөлумен арнайы Комиссия айналысатындығында. Оның құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, Палатаның және бизнес-қауымдастықтардың өкілдері кіреді. Сауда орындары 7 жыл мерзімге жалға берілетін болады, бұл салынған қаражаттың орнын толтыруға мүмкіндік береді, бұған дейін аталған мерзім бар болғаны бір жылды құрайтын. «Сонымен бірге, жалға алу құны азайтылады, ол тек аталған сауда нүктелерін ұстауға кететін әкімшілік шығындарды жабатын болады. Мысалы, Fast Food сататын дүңгіршекке арналған 9 м2  жер көлемі үшін жыл сайынғы жалдау ақысы 140 мың теңгеден аспайтын болады. Ақпан айының басында 1000 жер учаскесінің 500-іне өтініш қабылдау аяқталды. Барлығы 1800-ге жуық өтініш берілді. Сұраныс үлкен екені көрініп тұр», – деді ол.

ҰКП Төралқасы Төрағасы Тимур Құлыбаев, өз кезегінде, жаңа механимзнің жағымды жағын атап айтты – сыбайлас жемқорлық құрамдасының болмауы. «Бұл қала үшін де өте тиімді, өйткені кәсіпкерді бірден 7 жылға қаражат салуға мәжбүрлеуге болады, және де оның осы уақыт ішінде осы инвестицияларды қайтарып алуға мүмкіндігі бар. Тағы бір жағынан, ол осы орынға байланады, маңайындағы іргелес аумақтарға да қызмет көрсетеді. Қазірдің өзінде 1000 орынға 1800 өтініш берілгені тегін емес, олардың 400-і қанағаттандырылды. Ең бастысы, бұл мәселеде сыбайлас жемқорлық атымен жоқ, себебі аукцион ашық өтуде. Бұл тәжірибені біз бүкіл республика бойынша тарататын боламыз», – деді ол.

Ғ.Тасмағанбетовтің айтуынша, тағы бір маңызды мәселе – қызмет көрсету және туризм саласы нысандарын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру. Айталық, қазіргі уақытта Палата Астана қ. Инвестициялар және даму басқармасымен, «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС және «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен бірлесіп, қонақүй бизнесі және қаланың қоғамдық тамақтандыру салаларында ұсынылатын туристік қызметтер сапасын бағалаудың критерийлерін бекітті. Қазірдің өзінде қонақүй бизнесі мен қоғамдық тамақтандырудың 40-қа жуық нысаны тексеруден өтті және  "Recommended by Expo" Қала серіктестері мәртебесін алды. 2016 жылы хостелдер, гид-жүргізушілер, апартаменттер, туристік фирмалар және т.б. арналған талаптарды әзірлеу жоспарлануда. Сондай-ақ, Бағдарламаға жаңа қатысушылар – қызмет көрсету саласының кәсіпорындары мен «коворкинг» форматындағы кеңселік тұрғын-жайлар тартылады. Оған қоса, 180 қонақүй мен 700 қоғамдық тамақтандыру нысандарына бағалау жүргізіледі.

«Бағалаудан өткен барлық туризм нысандары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатымен оларды,  ресурс орталықтарын құра отырып, оқу орындарының, туризм саласындағы ұйымдардың базасында оқытудан өткізу ұсынылып отыр», – деп қосты Палата басшысы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер