astana-view

Мүлікті жария етсең, қосымша кепілдік бар

2016 жылғы 05 Наурыз
- Маңғыстау облысы
9255 просмотров

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында мүлікті жария ету бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі Бейнеу аудандық комиссиясына түскен 37 өтініш бойынша комиссия отырыстары өткізілген. Оның 15-і кері қайтарылып, 22 өтініш бойынша мүлікті жария ету туралы шешім қабылданған. Бұл туралы Бейнеу аудандық Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Нұржігіт Хайруллаев хабарлады.

Ал мүлікті жария етуді өткізу жөнінде өтініштерді қабылдау пунктерінің орналасқан орны, байланыс телефондары, жария етуге жататын мүліктер мен оны өткізу үшін қажетті құжаттар, жария етуге байланысты сұрақтар мен жауаптар жөнінде хабарландыру аудандық «Рауан» газетінде және аудан әкімінің ресми сайтында жарияланған.  

Сонымен қатар Бейнеу селосындағы «Тәуелсіздік» даңғылына билборд орналастырылған. Барлық ауылдардағы халық көп шоғырланатын ғимараттарда хабарламалар пен плакаттар орнатылған.

Мүлікті жария етуді өткізу жөнінде түсінік беру мақсатында, аудандық комиссия мүшелерінің қатысуымен ауылдық округтерде тұрғындармен мүлікті жария ету бойынша 28 түсінік беру кездесулері өткізілген. БАҚ-қа 18 мақала жарияланып, 31 семинар өткізілді, «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында 2 рет сұхбат беріліп, 8 рет интернет ресурста жарияланды.

2015 жылғы 13 қарашадағы № 400-V Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген, ол Заңмен мүлікті жария ету бойынша жүргізілетін акцияның талаптарына өзгерістер енгізілді. Өзгерістер жария ету рәсімдерін елеулі дәрежеде оңтайландырады, сондай-ақ жария ету субъектілері үшін қосымша кепілдіктер енгізеді.

Мәселен, мүлікті жария ету бойынша акциясын жүргізу мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Мүлікті жария ету бойынша акция жүргізу мерзімінің өтуі, мүлікті жаппай декларациялауды енгізумен және 2017 жылдың қаңтар айынан бастап шетелдік шоттар мен мүлікті декларацияламау үшін жауапкершілікті күшейтумен қатар қолданылды.

Нұржігіт Хайруллаевтың айтуынша, мүлікті жария ету рәсімдерінде де өзгерістер орын алғандығы туралы аудан тұрғындары хабардар етілген.

«Қазақстан Республикасының аумағындағы, сондай-ақ одан тысқары жерлердегі өзге мүлік (оның ішінде жылжымалы, сондай-ақ иелену құқығы жария ету субъектісіне немесе басқа тұлғаға ресімделген мүлік) тұрғылықты жері бойынша (Қазақстан Республикасынан тысқары орналасқан мүлікке қатысты) не мүліктің орналасқан жері бойынша (Қазақстан Республикасында орналасқан мүлікке қатысты) Мемлекеттік кірістер органына арнайы декларация ұсыну жолымен жария етілетінін әлі де болса аудан тұрғындарына түсіндіретін боламыз», – дейді ол.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер