astana-view

Дауыс беру құқығым бар!

2016 жылғы 09 Наурыз
- Батыс Қазақстан облысы
10025 просмотров

БҚО Кәсіпкерлер палатасының өкілдері Қоғамдық кеңестердің құрамына кірді

Олар мемлекеттік органдардың шешім қабылдауы кезінде бизнестің мүдделерін лоббилендіретін болады. Қоғамдық кеңестер қызметінің негізгі мақсаты – қоғамдық маңызды мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру. Қазіргі таңда бизнеске мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына дейін жинақталған пікірін білдіруі өте маңызды болып отыр. Әсіресе, өңірдің бизнесін дамытуға тікелей немесе жанама қатысы бар шешімдерді қабылдауға ықпал ету маңызды.      

Сондай-ақ, қоғамдық кеңестер үшін мемлекеттік басқарудың республикалық және жергілікті деңгейлерінде бекітіліп берілген орталық және жергілікті, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметінің ашықтығын  қамтамасыз ету және қоғамдық бақылау  функциясы да өзектіленіп отыр.

Сондықтан да, БҚО Кәсіпкерлер палатасы Қоғамдық кеңестерді құруға белсенді қатынасты. Палатаның ұсынысымен олардың құрамына Кәсіпкерлер палатасаның Өңірлік кеңес мүшелері – облыстыққа Серік Мерғалиев, қалалыққа Шолпан Махмудова, Бөрлі аудандық Қоғамдық кеңесіне Бақытжан Ғаделшиев кірді. Ақжайық, Бөкей ордасы, Зеленов, Теректі, Тасқала, Қаратөбе, Жаңақала, Жәнібек, Сырым, Шыңғырлау аудандық филиалдарының директорлары – аудандық кеңестердің құрамына енді.

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген болатын, ол бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі Ұлт Жоспары – 100 нақты қадамды  орындауға бағытталған және қоғамдық институттар мен азаматтардың барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына қатысуын қамтамасыз етуге арналған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер