astana-view

Жас кәсіпкер нені білуі қажет?

2016 жылғы 11 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
13143 просмотров

Осы тақырыпта 11 сынып оқушыларына арналған семинар өтті

Іс-шараға СҚО Кәсіпкерлер палатасының Аққайың ауданы филиалының директоры Руслан Аитов бастамашы болды. Іс-шараны аша отырып, ол мемлекеттің өскелең ұрпаққа көп көңіл бөліп отырғандығын, қос білім беру бойынша нақты бағдарламалардың бар екендігін атап көрсетті.

Кәсіпкерлікті қолдау орталығының кеңесшілері бітіруші сынып оқушыларына кәсіпкер болу үшін ненің қажет екенін, кәсіпкерлік ұйымының қандай нысандарының болатындығын және ауылдық жерлердегі шағын және орта бизнеске кімнің қолдау көрсететіндігін қызғылықты түрде әңгімелеп берді. Болашақ талапкерлермен кездесуге ауданға белгілі жеке кәсіпкер Надежда Лосинская да шақырылды. Балаларды аудан аумағында орналасқан дәріханалар желісін, сондай-ақ кеңсе тауарларын сататын дүкендерді басқарудың қалай болатындығы, неліктен қызметтің осы түрінің таңдап алынғандығы және аудан орталығында бизнестің тағы қандай түрімен айналысуға болатындығы қызықтырды.

Кездесу соңында СҚО КП Іскер әйелдер кеңесінің құрамына кіретін Надежда Лосинскаяның жеке бастамасы бойынша осы оқушыларды қамқорлыққа алу рәсімі болды. «Балалар оқуын бітіргеннен кейін Надежда оларды жұмысқа орналастыруға көмектесуге дайын екендігін жеткізді, – дейді СҚО КП жергілікті филиалының директоры Руслан Аитов. – Біз енді басқа мектеп оқушыларымен де осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізіп отыруды жоспарлап отырмыз».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер