astana-view

Сән, патриотизм және «Атамекен»

2016 жылғы 11 Наурыз
12313 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Астана қаласында қазақстандық сәнгерлердің алғашқы дүкені ашылды

Теңге бағамының құбылмалылығынан импорттық киімдер ритейлерлері біртіндеп отандық дизайнерлердің брендтерін өткізуге бет бұра бастады. Оған дәлел Астана қаласынан алғашқы Fashion park дүкенінің ашылуы. Сатылымға әйелдер және балалар киімдері, қазақстандық кутюрьелердің қолынан шыққан әшекей-бұйымдар шығарылған. Бұл тауарлар импорттық тауарлардың сатылым залдарымен көршілес жекелеген шоу-румдарға қойылған. Дүкеннің иелері Жанар Сүлейменова мен Әлия Әбдібаитованың айтуларынша, бүгінде Қазақстанда шығарылған fashion тауарларға сұраныс айтарлықтай тұрақты.

«Біз ритейлмен көптен айналысамыз, кәсіби айналысамыз, – дейді Жанар Сүлейменова. – Біз импорттық брендтерді сатқанбыз. Қазір доллар курсы өзгергендіктен, бағалар да қымбаттай түсті және қазақстандық тауар өндірушілерге қызығушылық бар екенін байқадық».

Осы себепті Fashion park-ті құрушылар көп ойланбастан, Қазақстанның астанасынан осындай дүкен ашуға бел байлапты. Олар, сондай-ақ, нарықтағы кәсібилердің барлығына да есіктері ашық екенін қадап айтты. «Бір дизайнерге бизнес бастау, дүкенді жалға алу, қызметкерлер жалдау мен бизнеспен айналысу өте қиын. Біздіңше, олар тігіп, жаңа өнім шығарады, ал біз оны сатумен айналысамыз», – деп сөзін жалғады Жанар Сүлейменова.

Тауар қоятын алаң, айқайлаған маңдайшадағы жазулар болған күннің өзінде, олар табыс кепілі бола алмайды. Шоу-румның иелері «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тарапынан көрсетілген қолдаудың маңыздылығын атап өтті. «Біз «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына бардық, олар бізге ақпараттық қолдау көрсетті. Сол үшін алғысымыз шексіз, «Атамекенсіз» біз туралы көп ешкім хабардар болмас еді», – деп атап өтті Әлия Әбдібаитова.

Бүгінгі таңда шоу-румға 30 қазақстандық дизайнердің коллекциялары қойылған. Олардың аты-жөндері мен тауар маркалары шоу-румдағы тақтайшаларда көрсетілген. Жоспарда оншақты сәнгердің киімдері мен аксессуарларын сату бар, олардың әрқайсымен шартқа қол қойылған. Жеткізу бойынша Алматы, Астана, Ақтау, Атыру, Шымкент қалалары қамтылған. Тауар таңдаудағы басты талаптардың бірі ретінде шоу-рум иелері «сапасы мен кәсібилігі сын көтеретін коллекциялардың болуын» атап өтті. «Бізге өз атымыздан сапалы, жақсы тауарды сату маңызды», – дейді Әлия Әбдібаитова.

Дүкеннің ашылуы алғашқы саудаларын молынан жасаған астаналық сәнқойлардың қызығушылығын тудырды. Әрине, жекелеген бағалар айтарлықтай қымбат, алайда жоғары сапалы киім модельдері мен соған арналған әшекейлер сол бағаға лайықты. Кешкі көйлектер көрсетілімі қалалақтарды қызықтырмай қоймады, айта кетерлігі, бұл көйлектер де қазақстандық сәнгерлердің ине-жібінен шыққан. Атақты сәнгер Құралай Нұрқаділова мен поп-жұлдыз Маржан Арапбаева сынды қонақтар ақ жол тілеп, құттықтау сөз сөйледі. Киімдері дүкенге қойылып үлгерген кейбір бренд иелері қазақстандық fashion-индустрияның болашағына сеніммен қарайды. «Біз барлық отандастарымызды ең алдымен қазақстандық тауарларды таңдауға шақырамыз, өйткені бұл біздің өнеркәсібімізді дамытады, екіншіден, мұнда қойылған дүниелер көздің жауын алады, үшіншіден, қолжетімді», – дейді жас қазақстандық сәнгер М. Елғонды.

Дүкеннің мекен-жайы: Астана қаласы, Достық көшесі, 10 үй, «Керуен» сауда үйіне қарама-қарсы орналасқан.

Жанар Сердалина  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер