astana-view

WorldSkills Kazakhstan Астанада!

2016 жылғы 11 Наурыз
- Астана қаласы
12949 просмотров

Астананың Кәсіпкерлер палатасы халықаралық чемпионатқа қолдау көрсетті

Іс-шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Астана қ. Кәсіпкерлер палатасының басшысы Ғани Тасмағанбетов WorldSkills Kazakhstan-ның техникалық және кәсіптік білім беру саласында алдыңғы қатарлы тәжірибе алмасу бойынша халықаралық алаң ретіндегі рөлін атап өтті. «Мен халықаралық чемпионаттың жұмысшы мамандықтар беделінің артуына ғана емес, сондай-ақ қызметкерлерді таңдаған мамандықтарына жан-жақты оқып-үйренуге ынталандыратындығына және өздерінің кәсіби шеберліктерін жетілдіруге де септігін тигізетіндігіне сенімдімін. Бұл байқау біздің қаламызда екінші рет өткізіліп отыр және біз Елордалық палатаның республикамыздағы осындай маңызы зор іс-шараны ұйымдастыруға қатысып отырғандығы үшін қуаныштымыз», – деп атап өтті ол.

Үстіміздегі жылы қала кәсіпкерлері қазылар алқасы, әрі байқаудың демеушілері де болды. Ал кейбір мекемелердегі жас мамандар тікелей турнирге қатысуда. Астана қ. Кәсіпкерлер палатасында бизнестің жұмысшы мамандық өкілдеріне деген қызығушылығының артуына байланысты аталған байқаудың маңыздылығын атап көрсетілді. Қаладағы 120 кәсіпорынның арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде 50 мамандыққа деген сұраныс анықталған. Жұмыс берушілер сылақшы-бояушы, слесарь-сантехник, жарықтандыру және жарықтаушы желі бойынша электр монтаждаушы, вентиляция және желдету жүйелерінің монтаждаушылары, арматурашы сияқты жұмысшыларды іздестіру мен жалдау кезінде қиындықтарға тап болып жатады.

Кадр тапшылығының орнын толтыру үшін жұмыс берушілер тәжірибеден өткізу, қызметкерлерді даярлау, біліктілікті арттыру мақсатында өздерінің өндіріс алаңдарын ұсынуға дайын. Осы жерде Кәсіпкерлердің елордалық палатасы жұмыс берушілер, оқу орындары мен кадрлар арасындағы провайдер мен алаң ретінде әрекет етеді.

WorldSkills Kazakhstan чемпионаты «Аспаздық іс», «Желілік және жүйелік әкімшілендіру», «Веб-әзірлеме», «Шаштараз өнері», «Киім дизайны», «Мейрамханалық сервис», «Дәнекерлеу ісі», «Кондитерлік іс», «Мектепке дейінгі тәрбие беру» секілді қызметтер бойынша 18-22 жас аралығындағы Астана қаласы колледждерінің студенттері мен кәсіпорынның жас мамандары арасында өткізіледі. Жұмысты бағалаудың негізгі өлшемдері: еңбекті қорғау талаптарын сақтай отырып, белгіленген уақыт нормасына сәйкес тәжірибелік тапсырманы сапалы түрде орындау болып табылады.

Қалалық чемпионат жеңімпаздары осы жылдың мамыр айында өтетін республикалық жарысқа қатысатын болады. Ал республикалық байқаудың көшбасшылары өз кезегінде Минск пен Мәскеу қаласына ТМД чемпионатына жолдама алады. Екі күндік чемпионаттың қорытындылары мен қалалық чемпинат жеңімпаздарының аттары 12 наурыз күні белгілі болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер