astana-view

Ұлттың саулығы – ортақ мақсатымыз

2016 жылғы 15 Наурыз
8599 просмотров

«Атамекен» ҰКП жанынан денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту жөніндегі жұмыс тобы құрылатын болады

2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының аясында мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті және жекеменшік инвестицияларды қолдану механизмдерін кеңейте отырып, 2016-2018 жылдарға арналған МЖС жобаларын іске асыру бойынша «Жол картасы» жобасының дайындалғандығын естеріңізге саламыз. Осыған байланысты Ұлттық денсаулық сақтау палатасы ҚР «Атамекен» ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның төрағалығымен ҚР денсаулық сақтау салаларына мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті енгізу және дамыту мәселелерін талқылауға арналған жиналыс өткізді. Отырысқа ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Қазақстан МЖС орталығы, МЖС жобаларын және бизнес-құрылымдарды қолдау орталығының өкілдері қатысты, сонымен қатар бейнеконференция режимінде өңірлік кәсіпкерлер палатасы да қосылды.

Кездесу барысында сөз алған Якупбаева денсаулық сақтау саласында МЖС қолдану механизмдерін табысты түрде жүргізу үшін МЖС сынамалы жобаларын жүзеге асырудан бастаған жөн, сонымен бірге оларды келісуді оңтайландыру мақсатында «жоба кеңсесін» құру керек.

Ұлттық денсаулық сақтау палатасының өкілі Арман Тілеубаев өз сөзінде МЖС іске асыру мақсатында жасалған құжаттардың жобаларында ҚР ҰКП өкілдерінің қатысуымен халықаралық кеңесшілердің білімі мен тәжірибесін барынша пайдалана отырып (ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде) отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсету және дамыту мәселесіне күш салу қажеттігін атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, МЖС дамытудың негізгі мәселесі МЖС нысандары ретінде жекеменшік қаржы бастамасын енгізу және оған әдіснамалық қолдау көрсету болып табылады.

Денсаулық сақтау саласына МЖС-жобаларын енгізуді жеделдету үшін жиналыс қатысушылары медицина нысандарын басқару (жалға алу) туралы келісім-шартты, МЖС лизингтік жобаларын (медтехника мен жабдық отандық өндірушілер арқылы), энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы МЖС сервистік жобаларын іске асыра бастауды ұсынды («Қазақэнергосараптама» Ұлттық энергия үнемдеу институтының қатысуымен). Сондай-ақ, сервистік үлгінің аясында ҚР ҰКП-ның оқушыларды көшпелі жоспарлы тексеруден өткізу туралы келісім-шарттарды жекеменшік секторға тапсыру туралы ұсынысы тағы да алға тартылды.

Жиналыс қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласында МЖС іске асыру мақсатында Якупбаеваның және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрінің төрағалығымен, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігі, Қазақстан МЖС орталығы, «МЖС жобаларын қолдау орталығы» ЖШС, ҚР Ұлттық денсаулық сақтау палатасы және ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы базасында Жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ҚР ҰКП-мен бірлесе отырып денсаулық сақтау саласындағы МЖС-нің сынамалы жобаларын анықтағаннан кейін оларды сүйемелдеу бойынша жоба офисі құрылып, денсаулық сақтау саласындағы МЖС процедуралары оңтайландырылатын болады. ҚР ҰКП сынамалы жобаларының іске асырылуы туралы көпшілікке тұрақты түрде хабарланатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер