astana-view

Өтем кепілдігі жоқ

2016 жылғы 16 Наурыз
- Қостанай облысы
10113 просмотров

Қостанай облысының экспорттаушы кәсіпорындары оларға шетелдік нарықтарға шығу кезінде мемлекеттік қолдаудың міндетті шараларының көрсетілетіндігіне сенімді емес

Бұл жайлы "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар ұлттық агентігі өкілдерімен кездесу барысында сөз болды.

Атап айтқанда, Агенттік тарапынан қолдау көрсету кепілдігінің жоқ екендігін «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасының өкілдері алға тартты. Компания президенті Тимур Садықовтың айтуына қарағанда, фабрика өткен жылы жіберілген өтінім бойынша 50%-дық өтемге әлі қол жеткізбеген. Десек те келісім-шарттың сомасы аз емес – 7 млн. теңге. «Егер біз өз өнімімізді Ресей Федереациясының нарығында өткізуді жеделдеткіміз келсе, біз орасан зор қаржы салуымыз керек. Егер мен 50% қаражаттың өтелетіндігіне сенімді болсам, мен бір бюджет салуға дайынмын. Ал өтем жасалмайтын жағдайда, онда мен едәуір төмен мөлшерде қаражат салып, өз қызметімді Қазақстан аумағында жандандыратын боламын»,–деп мәлімдеді Тимур Садықов.

Жекелеген экспортшылардың осы уақытқа дейін өтемге қол жеткізбеулері себебін "KAZNEX INVEST" өкілдері қарапайым тілмен түсіндірді: өткен жылы өтінімдер сомасы Агенттік бюджетінен екі есе басым түсті. Солай бола тұра, қабылданған міндеттемелерден бас тартылмайтындығын да атап өтті, өткен жылғы өтінімдер бірінші кезекте қаралатын болады.

Кәсіпкерлердің сөзінше, қазақстандық өндірушілерге қолдау көрсетудің тағы бір маңызды құралы осы жылдан бастап тіпті тоқтатылған. Мәселе «КазЭкспортГарант» экспорттық-несиелік сақтандыру корпорациясы» АҚ тарапынан ішкі сауда желілері бойынша тауарларды өткізу төлемдерін кейінге қалдыру кезінде тәуекелдерді сақтандыру туралы болып отыр. Енді бұлай жасалмайды, себебі ұйымның қызметі ең алдымен экспортшылардың тәуекелдерін сақтандыруға негізделген.

Осы ретте бизнесмендер Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып баламалы шараларды жаңарту немесе іздестіруге көмек көрсетуді ұсынды. «Жақын арада біз өзіміздің өзге өңірлердегі әріптестерімізбен бірге осы жағдайдың бірізділігі мәселесін қарастыратын боламыз, тығырықтан шығу жолын табуға тырысамыз», – деп атап өтті кездесу барысында Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы Қаржылық емес қолдау көрсету бөлімінің бастығы Роберт Юсупов.

Сондай-ақ ол «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында олардың операторы қызметін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы атқаратын бірқатар экспортқа бағытталған кәсіпорындарға қолдау көрсету құралдарының бар екендігін де еске салды. «Аталған құралдар бойынша барлық қажетті ақпаратты экспортшылар ҰКП сайтынан таба алады немесе Өңірдегі кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарындағы біздің кеңесшілерімізге хабарласа отырып ала алады»,– деп хабарлады Өңірлік палата өкілі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер