astana-view

Дағды. Тәжірибе. Нәтиже

2016 жылғы 18 Наурыз
- Астана қаласы
13699 просмотров

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының бастамасы табысты іске асуда

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен құрылған «Студент» оқыту-ресурстық орталығының жұмысы сәтті жүруде. Кәсіпкерлікті құру және жүргізу бойынша орталықтан машықтанған Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжі студенттеріне әлден-ақ жұмысқа тұру туралы ұсыныстар білдірілуде.

Бұл туралы олар дуальды оқыту мәселесіне арналған дөңгелек үстелде баян етті.

«Орталықта біз кеңсе тауарларын, газдалған сусындар, қытырлақ нандар мен шоколадтар сатылатын мини-сауда нүктелерін аштық. Нәтижесінде, іс-тәжірибеде 1С Бухгалтерия 8.2 бағдарламасы бойынша бухгалтерлік және салық есептерін жүргізуді меңгердік. Фискальды еске ие бақылау-кассалық аппаратымен, нормативті құжаттармен, электронды үкімет порталымен жұмыс істеуді үйрендік. Калькуляцияны, еңбекақыны есептеуге, тауарлық материалдар қоры мен қаражатты түгендеуге машықтандық. Ең бастысы, мемлекеттік қызметкерлермен, сатып аушылармен және жеткізушілермен қарым-қатынас орнатуда тәжірибе жинақтадық», – деп «Есеп және аудит» мамандығының үшінші курс студенттері алған білімдерімен бөлісті.

Оқытушылар атап өткендей, студенттер өз беттерінше жеткізушілерден тауарлады қабылдап алып, оларды сұрыптау саясаты мен тауарлық ретін ескере отырып, орналастырумен ғана шектелмей, бірінші курс студенттері арасында сауалнама негізінде маркетингтік зерттеу жүргізіп, әлеуетті бәсекелестерінің баға саясатына талдау жасаған. Зерттеу нәтижесі оларға «Студент» орталығына тауар жеткізетін әлеуетті жеткізушілермен жұмыс жүргізуде кәдеге асты.

«Бұл біздің студенттер үшін таптырмас тәжірибе. Олардың көбіне әлден-ақ жұмысқа тұру туралы ұсыныстар білдірілуде, кейбіреулері біртіндеп қандай да бір қызмет көрсету түрін жүргізе бастады, ал жұмыс берушілер бұған қуана ақша төлейді», – деп атап өтті Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжінің директоры Мырзабек Күжімов.

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов жобаның іске асырылуына оң бағасын берді. «Жұмыс берушілердің білікті кадрлерге деген сұранысын қанағаттандыру үшін бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра беру қажет. Өздерінің өндірістік аймақтарын өндірістік-тәжірибе өткізу үшін ұсынуға дайын кәсіпкерлермен әлеуметтік әріптестікті дамытуға тиіспіз», – деді Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының басшысы.

Дөңгелек үстел барысында «Кәсіпқор» холдингінің өкілдері дуальды оқытудың модульдық жүйесіндегі артықшылықтар мен холдинг жасап шығарған оқытушылардың біліктілігін арттыру жүйесі туралы айтып берді.

«Оқу бағдарламаларын жасау саласы сияқты, оқытушылардың біліктілігін арттыру саласындағы саясат та қоғамдағы барлық өзгерістерге жауап қайтарып, жұмыс берушілердің сұранысын өтеу үшін соған бейімделуі керек. Әлемдік технологиялық және экономикалық даму жағдайында еңбек нарығының сұраныстары бүгінде тұрақты өзгерістерге душар болуда. Сондықтан оқытушылар да жеке және кәсіби тұрғыдан өсуге мүмкіндік беретін біліктілікті арттырудың заманауи жүйелеріне мұқтаж», – деп ойын жалғастырды Ғани Тасмағанбетов.

Естеріңізге сала кетсек, Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжімен белсенді әріптестік орнатқан. 2015 жылдың қазан айында колледждің оқытушылары мен студенттері астаналық Палатаның базасында құрылған «Бизнес-Кеңесші» курсында бизнес жүргізу негіздерінен дәріс алған еді. «Бизнес-Кеңесші» «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының төртінші бағытын, яғни «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейтуді» жүзеге асыру аясында құрылған.

Колледждің «маркетинг, туризм және аударма ісі» мамандықтарының шығармашылық апталығы аясында Астана қаласы КП-ның қолдауымен аталмыш оқу орнында «Кәсіпкерлік идеялардың калейдоскобы» атты шара ұйымдастырылды. Осы шара барысында Палатаның кеңесшісі Қайрат Құсайынов «маркетинг, туризм және аударма ісі» мамандықтары бойынша білім алып жатқан 50 студентке «Бизнес-идеялардың мақсатты тұжырымдамасы мен құрылуы» деген тақырыпта тренинг өткізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер