astana-view

Төленген салық табылды!

2016 жылғы 18 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
9790 просмотров

Салықтардың бюджеттік жіктеу кодының дұрыс көрсетілмеуі салдарынан кәсіпкер әйелге айыппұл салынуы мүмкін еді

СҚО Кәсіпкерлер палатасының Шал ақын аудандық филиалына «Қарып» шаруа қожалығының басшысы келіп жүгінді. Әйел өзі төлеген салықтардың қайда кеткендігін түсінбей дел-сал болды.

«Сәрсенби Қажымұратқызы бізге шаруашылықтың жеке шоттарын анықтау туралы өтінішпен келді, себебі салық органдарының оның салық заңнамасын бұзғандығын алға тартып, заң бұзушылықты реттеу жөнінде хабарлама жіберген. Ал, әйелдің айтуынша, ол барлық міндеттемелерді толық көлемде орындаған», – дейді СҚО КП жергілікті филиалының директоры Мұхамеджан Жақсыбаев.

Шаруашылықтың жеке шоттары мен салықтардың төленгендігі туралы түбіртектерін тексеру барысында, КҚО-ның менеджер-кеңесшісі Қуан Хасенов салық төлеушінің төлем құжаттарында салықтардың бюджеттік жіктеу кодын дұрыс көрсетпегендігін анықтаған.

Мәселені тексере келе, Сәрсенби Әубәкіроваға қате төлеген салықты тиісті салықтың БЖК төлеу шотына есепке алу туралы өтініш беруде нақты көмек көрсетілді. Процедура шаруашылықтың ЭСҚ көмегімен Салық төлеушінің кабинеті арқылы іске асырылды. Сонымен бірге бизнесвуменге келешекте шаруашылықтың салықтар және бюджетке төленетін өзге де төлемдерді төлеуі тиіс болатын барлық БЖК, сондай-ақ салық заңнамасындағы өзгертулер туралы түсінік берілді.

«Орын алған жағдайды шешуде көмек көрсеткендері үшін Палата филиалының ұжымына үлкен алғыс білдіремін. Енді көмек қажет болған жағдайда – тек қана сіздерге келетін боламын»,– дейді С. Әубәкірова.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер