astana-view

ҚР ҰКП мен Аймақтық даму министрлігі үлескерлік құрылыстағы сақтандыру мәселелерін талқылайды

2014 жылғы 06 Наурыз
9167 просмотров

5 наурыз күні Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында Басқарма мүшесі Жаннат Ертілесованың төрағалық етуімен, тұрғын-үй құрылысының үлескерлік мәселесін талқылауға қатысты жұмыс отырысы өтті.  

Шараға ҚР Ұлттық Банк өкілдері, «Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының» ЗТБ, «Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстан құрылысшылар Одағы»РЗТБ мен «Қазақстанның инженерлер қауымдастығының» өкілдері қатысты.

Ең басты тақырып ретінде, құрылысшылардың үлескерлер алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру тетігі талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша, ҚР Ұлттық Банк өкілдері, «Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының» ЗТБ, «Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстан құрылысшылар Одағы» РЗТБ мен «Қазақстанның инженерлер қауымдастығының» өкілдері ұсынған құрылысшылардың үлескерлер алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру тетігіне қатысты ұсыныстары негізге алынды.

Сондай-ақ, осы жылдың 15 наурыз күні тура осы мәселе бойынша және басқа да жанама ұсыныстарды талқылау үшін Басқарма мүшесі Жаннат Ертілесова Аймақтық даму министрі Болат Жәмішевпен кездесетіндігі айтылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер