astana-view

Құрылыс жүргізуді ұйымдастырудың жаңа ережелері 2016 жылдың 1 наурызында күшіне енді

2016 жылғы 18 Наурыз
13055 просмотров

Құрылысы аяқталған нысанның толық дайындығы осы ережелермен анықталады  

Құрылыс, құрылыс материалдарының өндірісі және ТКШ комитетінің хатшылығы саладағы заңнамалық өзгертулер туралы мәлімдейді.

Тапсырыс беруші, мердігер, техникалық және авторлық бақылаулардың дербес жауапкершілігі 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген және салынған нысанды қабылдау актісіне қол қою арқылы куәландырылады.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 11 тарауы толығымен құрылыс нысандарын пайдалануға қабылдау мәселесін қарастырады. Нысандарды пайдалануға қабылдаудың қолданыстағы құрылымының нысандарды мемлекеттік комиссияның кеңестік міндетті қабылдау процедурасының орнына келгендігін естеріңізге саламыз.

Салынған нысанды қабылдау және іске қосу құрылыс толығымен дайын болған уақытта тапсырыс берушімен бірге орындалады. Бұл ретте, салынған нысанның толық дайындығы 2016 жылдың 1-наурызынан бастап күшіне енген құрылысты ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат процедураларынан өту ережелеріне сәйкес анықталады.

Құрылысы аяқталмаған нысандарды, олқылықтары бар және құрылысы жағынан кемшіліктерге ие нысанның қабылданғаны үшін көрсетілген қатысушылар әкімшілік және қылмыстық жазаға тартылады.

Тапсырыс беруші қабылдау актісін бекітеді, және дәл осы уақыттан бастап нысан пайдалануға берілген болып есептеледі. Қабылдау актісі бекітілмей тұрып нысанды пайдалануға жол берілмейді, және әділет органдарында оған қатысты құқық тіркелмейді. Бұл ретте, акт көрсетілген уақытқа дейін, соның ішінде нысанды меншік иесі жеке қабылдап алатын уақытта ЖАО-ның құрылыс және сәулет саласындағы құрылымдық бөлімшелерінде тіркеуден өткізілуі тиіс.

Қатысушылардың негізгі міндеттері орындалған ҚМЖ, жоба-сметалық құжаттамасы, нормативтік талаптарды бағалау, қабылдау және сынақтар жүргізу, шешімдердің тиімділігін бағалау, іске қосылатын қуаттың жоба көрсеткіштеріне сәйкестігін тексеруге келіп саяды.

Заңның 74-жеке бабы нысанды меншік иесінің өзі пайдалануға қабылдайтын жағдайларды қарастыруға арналған. Көрсетілген құқық  техникалық тұрғыдан күрделі емес нысандар құрылысын аяқтау кезінде, мысалы, уақытша құрылымдар, мобильді кешендер, ашық спорт алаңдары және т.б. қатысты қолданылады.  Бірақ бұл жерде мынадай бір ескерту бар, құрылыс немесе аталған нысандарды пайдалану басқа азаматтардың құқықтарын шектейтін, мемлекеттік және (немесе) өзге де қоғамдық мүдделерге қайшы келетін жағдайда, нысан меншік иесімен дербес түрде қабылдана алмайды.

Заңның 75-бабына сәйкес нысандарды пайдалануға қабылдаудың реті төмендегідей:

  1. Мердігерден тапсырыс берушінің атына нысанның дайын екендігі туралы жазбаша хабарлама жіберіледі.
  2. Тапсырыс беруші декларация және ҚМЖ сапасы, мердігерде және авторлық және техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаларда сәйкес болуы туралы қорытындыларын сұратады.
  3. Мердігер мен авторлық және техникалық қадағалау жүргізетін тұлғалар 3 жұмыс күнінің ішінде аталған декларация мен қорытындыларды ұсынады.
  4. Тапсырыс беруші декларациялар мен қорытындылар негізінде атқарушылық техникалық құжаттаманы тексеруге міндетті. Бұзушылықтар және теріс қорытындылар анықталған жағдайда – нысанды қабылдау оларды мердігер жойғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы туралы қорытындының үлгісі, орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындының үлгісі, бұйрыққа сәйкестігі туралы декларацияның үлгісі, пайдалануға қабылдау актісінің үлгісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы бұйрығымен бекітілген. Аталған құжаттар тұтас алғанда қатынас тараптарының толтыруы үшін түсінікті болып келеді және көбіне деректемелерімен қоса қатысушылардың нақты субъективті құрамын, құрылыс мерзімдерін, құрылыстың жергілікті құнын, белгілі бір айғақтарды куәландыру туралы ережелерді (жобаға, шешімдерге, нормативтерге сәйкестігі), салынған нысанның негізгі көрсеткіштері мен сипаттамаларын көрсетеді.

Жалпы, аталған институттың жұмыс істеген бір жылдан астам уақытының ішінде ҰКП атына кәсіпкерлерден арыз түспеген, бұл өз кезегінде нысанды пайдалануға қабылдаудың қолданыстағы жүйесінің көпшіліктің көңілінен шығатындығын білдіреді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер