astana-view

«Бизнес кеңесші» абайлық кәсіпкерлерге қол ұшын береді

2016 жылғы 24 Наурыз
- Қарағанды облысы
13128 просмотров

Абай ауданының тұрғыны Серік Қартбеков – көз ауруына шалдыққан мүгедек. Ол «Бизнес-кеңесші» курстарына бизнесті жүргізудің қыр-сырларын тереңірек түсіну мақсатында келді

Оның өзінің массаж бөлмесі бар, өз кезегінде ол мемлекеттік қолдаудың арқасында сонда жаңа жабдық сатып алғысы келеді. «Мен мұнда бизнес бастауға және оны дамытуға көмек көрсетеді деп естідім, ал менің бұл кәсібім бұрыннан бар. Клиенттерім де жеткілікті, сондықтан мен қызмет ауқымымды кеңейту үшін грантқа қол жеткізіп, бөлмемді бұдан да кеңейтсем деймін»,–дейді кәсіпкер.

«Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша қысқа мерзімді курстар бүгінде тұтастай облыс көлемінде жүріп жатыр. Жоба аясында кәсіпкерлікті жаңадан қолға алған тұрғындар мен бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкерлерге жеке бизнес, маркетинг құру, адами ресурстарды басқару, бизнес жүргізудің заңды негіздемелері, қаржылар бойынша екі күндік оқу өткізіледі.

2016 жылдың басынан  бері Абай қ. КҚО оқу курстарына 12 жеке кәсіпкер және өз ісін «нөлден» бастауды жоспарлап жүрген 13 адам жазылды.

Семинарды тәжірибесі мол бизнес-тренер Меруерт Қасымова жүргізді. Жедел курс таныстырылымның заманауи әдістері мен технологияларын пайдалану арқылы тренинг түрінде өткізілді. Семинарда қарастырылған бизнес-жобалар қатысушыларға тәжірибелік дағдыларын нығайтуға мүмкіндік берді, бұл өз кезегінде оқу процесін мәнді де қызықты ете түсті. Материалды игеруде тәжірибелік бизнес-ойындар маңызды рөлге ие болды. Бизнес курстар аяқталғаннан кейін, барлық тыңдаушыларға оқу материалдары және курстан өткендіктері туралы сертификаттар табыс етілді. Жобаға қатысушылар ұйымдастырушылар мен ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына өз алғыстарын білдірді.

Тыңдаушылардың бірі Алена Морозова – тәжірибелі тігінші, өз цехын ашуға ниеттеніп жүр және қазірдің өзінде ол өз өнімін өткізу бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізген. «Мен осы курстарды асыға күттім, себебі өз жобамды барынша таяу арада қаржыландыруды қалаймын. Қазірдің өзінде нақты тапсырыстарым бар, және мен оларды орындап бергім келеді. Жоспарым – еліміздің нарығын жаулап алу»,–дейді ол.

Хуанған Укай – аудан орталығынан 35 км жерде орналасқан Сарепта кентіндегі екі дүкеннің иесі. Кәсіпкердің сөзіне қарағанда, жерлестерін балғын өнімдермен қамтамасыз ету үшін дүкендерін жабдықтау аса қажет болып отыр. «Өтінімдер қабылдау бастала салысымен, өз жобамды грантқа ұсынамын»,–дейді сертификатқа ие болып, ынталана түскен кәсіпкер.

«Бизнес-кеңесшінің» оқу курстарынан өткендігі туралы сертификаттарға ие болған қатысушылар өз бизнестері үшін гранттар мен жеңіл несиелер алуға үміткер бола алатындығын естеріңізге саламыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер