astana-view

Салық қызметі заңсыз әрекеттерге барған

2016 жылғы 25 Наурыз
- Жетісу облысы
8450 просмотров

Сотта Кәсіпкерлер палатасының заңгері Мемлекеттік кірістер басқармасының заңға қайшы шешімін дәлелдеп шықты

Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының салықтық тексеру және шығыс операциялары актісін заңсыз деп тану және болдырмау, «SAT GT» жеке кәсіпкерлігін ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешімін өзгертусіз қалдырды.

Естеріңізге сала кетейік, «SAT GT» ЖК-нің Іле ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы әрекеттерін тексеру шаралары өткен жылдың шілде айында басталған. Басқарманың мәліметіне сүйенсек, 2015 жылдың 1 шілдесінде компанияның орналасқан мекен-жайына қатысты салықтық тексеру жүргізілген. Мекеме қызметкері ЖК-нің «Қоянқұс ауылы, Абай көшесі, 3 «В» деп көрсетілген заңды мекен-жайда орналаспағандығын анықтаған. Осыдан кейін кәсіпкердің атына 20 жұмыс күнінің ішіне салық органына келу және тексеру уақытында болмаудың себептері туралы жазбаша түсініктеме ұсыну қажеттілігін ескерту арқылы адресаттың көрсетілген мекенжайда жоқ екендігі туралы хабарлама жіберілген болатын. ЖК-нің салық органына келмеуі себебінен 3 тамыз күні салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатылып, 2015 жылдың 15 тамызы күні ЖК ҚҚС бойынша тіркеу есебінен алынып тасталады. Мемлекеттік мекеменің іс-әрекеттері туралы компания тек бухгалтерлік есептерді өткізген уақытта ғана біледі. Себептер түсіндірілгеннен кейін, компания банк шотының қамаудан босатылуына қол жеткізеді. Кәсіпкердің облыстық Мемлекеттік кірістер департаментіне, прокуратураға бірнеше рет хабарласқандығына қарамастан, ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару мүмкін болмайды. Әділдікті көздеген бизнесмен 2015 жылдың қараша айында Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасына жүгінген. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бөлімінің І санаттағы сарапшысы Диас Оташбаев сотта Іле ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы әрекеттерінің заңсыз екендігін дәлілдеген. 4 желтоқсан күні Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа талап-арыз түскен. Сотта негізделіп көрсетілгендей, тексеру кезінде компания қызметкерлері аталған мекен-жайда болған.

«Іле аудандық пошта байланыс торабының хатына сәйкес, Кәсіпкерлер палатасының атына 2015 жылдың 30 қыркүйегінде «Қоянқұс» ҚБП (қолданбалы бағдарламалар пакеті) пошташысы аталған мекен-жайға салық органының хатын апарған, бірақ адресатты таппай, сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін кері қайтарған болатын. Осы дәлелдемелер арқылы салық төлеушіге хабарламаның жеткізілмегендігі және оның оған тапсырылмағандығы туралы айғақ расталады. Салық кодексінің аталған ережелерін бұза отырып, салық органы оның жіберген хабарламасының салық төлеушіге жетпегендігін біле тұра, оны тіркеу есебінен шығару туралы шешім қабылдаған»,– деп атап өтті заңгер. Салық басқармасының хабарламаны «Абай көшесі, 313» деген қате мекен-жайға жібергендігі анықталған.

Алайда басқарма сот шешімімен келіспей, шағым келтірген. Сотта салық органының тапсырыс хаттың адресатқа жетпегендігі туралы апелляциялық шағымының жарамсыз болып танылуына олар кінәлі болмаған, себебі орган салық төлеушінің нақты мекенжайын анықтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдамаған. Үстіміздегі жылдың 16 наурызында Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы экономикалық сотттың шешімін өзгертусіз қалдырды.

ҚҚС бойынша есептен шығаруға қатысты салық органымен болған сот айтыс-тартыстарының тұтастай кезеңінде компанияның тиісті түрде қызмет жүргізу және бірнеше ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігін жоғалтқандығын атап өту керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер