astana-view

Doing Business-те қалай жоғары көтерілуге болады?

2016 жылғы 25 Наурыз
- Алматы қаласы
11777 просмотров

Алматылық кәсіпкерлерді рейтингілік сауалнамаға қатысуға шақырды

ҚР Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаменті қаланың бизнес-қауымдастығын Бүкіләлемдік банктің «Doing Business» рейтингілік сауалнамасына белсенді түрде қатысуға шақырды. Бұл үшін бар болғаны doingbusiness.gov.kz сайтына тіркеліп, мемлекеттік органдардың қызмет көрсетуі туралы сұрақтаға жауап беру қажет.

«Бұл республикадағы бизнес-климатты, елдің имиджін көтеру үшін ғана маңызды емес, сонымен бірге, әр жеке кәсіпкер үшін де маңызды. Шетелдік әріптестермен байланыс орнатқанда, оларға неліктен сізбен жұмыс істеуі керек екенін түсіндіріп жатпайсыз. Жалпыға қолжетімді әлемдік рейтінгідегі елде бизнес жүргізудің жеңілдігін айшықтап тұрған елдің деңгейін көрсетсеңіз де жеткілікті болады», – дейді Грузиядан келген сарапшы, Reformatics консалтингтік компаниясының директоры Вахтанг Лежава.

Сарапшының айтуынша, 2015 жылғы рейтінгідегі 77-орынмен Қазақстан Орталық Азия елдеріндегі орташа көрсеткіш 68-орыннан және Кедендік одақ елдері көрсеткішінен (Белоруссия 57-орын, ал Ресей 62-орын) төменгі орынға орналасқан. Жетістік те жоқ емес. Миноритарлық инвесторларды қорғау рейтінгісі бойынша 189 елдің ішінде Қазақстан 25-орынды иеленді. Одан бөлек, Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстан әлі де үздік атқарушы.

«Миноритарлық инвесторларды қорғау мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан Республикасындағы Ашықтық индексі 7.0; Директордың жауапкершілік индексі 6.0; Акционерлердің айып тағу мүмкіндіктері индексі 7.0; Мүдделер қақтығысы индексі 6.7; Акционерлер құқығы индексі 9.0; Басқару құрылымын дамыту индексі 4.5; Ұжымдық ашықтық индексі 6.0; Акционерлік басқару индексі 6.5; Инвесторлардың миноритарлық мүддесін қорғау индексі 6.6», – деп Вахтанг Лежава мәліметтердің мәнін ашып берді.

Осы бағыттағы Қазақстанның позициясын көтеру үшін сарапшы келесі реформаларды жүргізуге кеңес береді:

– жылдық есепте ірі көлемдегі келісімдер туралы немесе мүдделік бар келісімдер туралы көрсету қажет, бұлар туралы акционерлер мен қоғам хабардар болуы тиіс;

 – соттың арыз беруші акционердің жеңіп алған талабы негізінде келісімді жоюға мүмкіндігі болуы тиіс; арыз беруші жауап берушіден нақты құжаттарды анықтамастан, құжаттар категориясын талап ете алады, соттың істі қарауы барысында арыз беруші жауап беруші мен куәгерлерден кез келген құжатты ала алады;

– акционерлерге корпорацияның жарғысын және сатып алушы компанияның басқа да заңнамалық актілерін қарапайым дауыс санының көптігімен  өзгерту құқы берілуі қажет;

– көпшілік компанияларына сытқы/жеке аудиторлық комитет құру талап етіледі;

– дауыс берушілердің құқықтарындағы/акцияларындағы класстардағы немесе сериялардағы өзгертулерді тиісті акция иелері мақылдаулары қажет;

– еншілес компаниялардың бас/негізгі компаниядан (акцияның бақылау пакетіне ие компаниялар) акциялар алуына тиым салынады;

– қоғамға Директорлар кеңесінің мүшелері мен олардың басқа компаниялардағы директорлық қызметтері туралы, меншігіндегі үлес туралы, менеджерлердің сомалық өтемақысы, екі тәуелсіз компания арасындағы акционерлік капиталға өзара қатысу туралы ақпараттар қолжетімді болуы тиіс.

Естеріңізге сала кетсек, наурыз айында Қазақстанда «Doing Business» қосалқы ұлттық рейтінгісі басталды. Ол өңірдегі сегіз облыс орталығында (Астана, Алматы, Ақтөбе, Қараганды, Өскемен, Павлодар, Қостанай, Шымкент) құрылысқа рұқсат алу, электр қуатымен қамтамасыз ету жүйесіне қосылу, кәсіпорындардың ашылуы, жеке меншігін тіркеу индекаторлары бойынша жүргізіледі. Қазақстанға «Doing Business» қосалқы ұлттық рейтінгісін енгізу Үкіметтің елдегі бизнес-климатты жақсарту жөніндегі жүйелі жұмыстарының жалғасы болмақ. 2015 жылы «Doing Business» жаһандық рейтінгісінде Қазақстан әлемнің 189 елінің ішінде 41-орынға табан тіреген еді. Бүкіләлемдік банк Қазақстанды көптеген реформалар – он бағыттың жетеуіне 19 реформа жүргізген ел ретінде анықтады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер