astana-view

Әуе кеңістігінде адал бәсекелестік орнауы керек

2016 жылғы 26 Наурыз
10882 просмотров

Ресей әуе компанияларының транссібір бағыттары арқылы ұшып өтуі бойынша роялти алу мәселесі тепе-тең бәсекелестікке тосқауыл болып табылады

Ағымдағы жылдың 27 наурызынан бастап алдыңғы қатарлы қазақстандық әуе тасымалдаушы «Эйр Астана» Ұлт жоспары – жаңа халықаралық бағыттарды дамыту және жүргізу бөлігінде бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамын орындау аясында «Астана – Ұлан – Батор» тұрақты түрдегі тікелей әуе хабарламасын ашуды көздеп отыр.

Аталған жағдайда, Астана – Ұлан – Батор әуе хабарламасын жүзеге асыру кезінде қазақстандық борт Қазақстанның географиялық тұрғыдан қолайлы орналасуы себебінен көрші елдің (Ресей Федерациясының) әуе кеңістігі арқылы шамамен 300 км ұшып өтуі тиіс болады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе хабарламасы туралы екіжақты келісімге сәйкес тараптардың жерге қонудан бөлек Келісуші Тараптың аумағын ұшып өту құқығына ие болатындығын атап өткен жөн.

Сондай-ақ, ресейлік тарап «Эйр Астанадан» Транссібір бағыттары (ТСБ) жүйесін пайдаланғаны үшін роялти (Ресейдің әуе кеңестігін пайдалану бойынша төлем) төлеуді талап етуде. Бұл ретте, қазақстандық әуе тасымалдаушысы атап көрсеткендей, ИКАО (International Civil Aviation Organization – Халықаралық азаматтық авиация ұйымы) анықтамасы бойынша ТСБ жүйесіне Қазақстаннан Моңғолия, Қытай және Оңтүстік Кореяға ұшу кезінде қолданылатын әуе жолдары кірмейді.

Өз кезегінде Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты халықаралық келісімдердің ережелеріне сәйкес, қазақстандық тарап ресейлік борттардың Қазақстанның әуе кеңістігінің үстінен үшінші елдерге ұшуымен байланысты қандай да бір шектеулер қоймайды, бұл трансазиялық бағыттарға ұшуға да қатысты болады.

«ҰКП Ресей әуе компанияларының транссібір бағыттары арқылы ұшып өтуі бойынша роялти алу мәселесінің тепе-тең бәсекелестікке тосқауыл болатындығы жайлы бірнеше рет сөз қозғаған. Ресейлік әріптестерімізге ұсынылып отырған мемлекеттік емес қолдаудың қазақстандық әуе компаниялары үшін әркелкі жағдай туындатып әрі өзара және адал бәсекелестікті бұрмалап отырғандығын түсіну шарт», – дейді ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының м.а. Дана Жүнісова.

Қазақстан әуе тасымалдаушысымен ұсынылған Ресей әуе компанияларының Қазақстанның әуе кеңістігін пайдалану және қазақстандық әуе тасыладаушыларының Ресей әуе кеңістігін пайдалану статистикасына сәйкес, ресейлік әуе компанияларының пайдасына қарай елеулі түрдегі айырмашылықтың бар екендігі айқын байқалады. Осылайша, бір аптада ресейлік әуе компаниялары Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы шамамен 640 рейс жасаса, ал қазақстандық әуе компаниялары Ресей аумағы бойынша аптасына бар болғаны 25 рейс жасайды.

«Астана – Ұлан – Батор» жаңа әуе хабарламасы бойынша роялти төлеу талабының аясында ресейлік тараптың қазақстандық тарапқа айырбас ретінде аса бір тиімді емес және тең емес талаптар қойып отырғандығын айта кету керек, бұл өз кезегінде елдің экономикалық тепе-теңдігін бұзады. Сонымен, талаптардың бірі оған ТСБ жүйесін пайдалану бойынша шетелдік әуе тасымалдаушылары тарапынан роялти төленетін «Аэрофлот – Ресей әуежелілері» ААҚ алдыңғы қатарлы ресейлік әуе компаниясымен коммерциялық келісім жасау аясында ресейлік тасымалдаушының пайдасына қонатын орындар ұсыну болып табылады. Дана Жүнісова аталған мәселенің ағымдағы жылдың 11 ақпан күні Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Серіктестік бойынша үкіметаралық комиссияның 18-ші отырысының аясында көтерілгендігін еске салды. Алайда, біздің ресейлік әріптестерімізбен қазақстандық әуе тасымалдаушылары үшін ТСБ пайдаланудың құқықтық негіздері мен шарттары туралы ақпарат ұсыну туралы қол жеткізілген уағдаластықтарға қарамастан, мәселенің шешімі әлі күнге дейін табылмай отыр.

Сонымен бірге келіссөз барысында ресейлік тарап сондай-ақ жаңа әуе хабарламасы бойынша Ресей әуе кеңістігін тегін пайдаланудың орнына тағы бір ресейлік тасымалдаушыны тағайындау және рейстердің жиілігін арттыру бөлігінде (мысалы, Қазақстан пен Ресей Үкіметтерінің арасындағы әуе хабарламасы туралы 2-жақты халықаралық келісімге сәйкес әрбір тараптан бір әуе компаниясы тағайындалады және рейстердің саны келісіледі) «Мәскеу – Астана» және «Мәскеу – Алматы» қолданыстағы бағыттары бойынша қосымша коммерциялық құқықтар ұсыну туралы талап қойған болатын.

«Көлік саласы, атап айтқанда, азаматтық авиация саласының Қазақстан экономикасының аса бір нәзік секторы екендігін түсіну қажет. Бұл ретте отандық бизнес РФ Үкіметінің ағымдағы жылдың наурыз айының басында қабылдаған қаулысы (2016 жылғы 7 наурыздағы № 171) тек қана ресейлік әуе компанияларының немесе ЕАЭО-на мүше басқа мемлекеттердің әуе компанияларының рейстері үшін федералды бюджеттің қаражаты есебінен өтелетін әуе билеттерін сатып алу бөлігінде біршама алаңдатушылық тудырып отыр»,– деп атап өтті Дана Жүнісова.

ҰКП пікірінше, Еуроодаққа мүше өзге мемлекеттердің әуе кәсіпорындарының алдында ресейлік әуе компанияларына басымдықтар берілу ықтималдығы себебінен осы акт бірінші кезекті ресейлік әуе компанияларынан федералды бюджет есебінен өтелетін әуе билеттерін сатып алу қажеттілігі түрінде көрініс беретін сақтықты туындатады.

«Интеграцияның Қазақстан мен Ресей арасындағы серіктестік қарым-қатынастарына негізделген әрі күннен-күнге тереңдеп бара жатқан жағдайында, қазақстандық бизнес-қауымдастық аталған мәселелердің екі жақты достық экономикалық қарым-қатынастарда қосымша тосқауылдар құрусыз оң шешімін табатындығына үміттеніп отыр», – дейді Басқарма Төрағасы орынбасарының м.а. Дана Жүнісова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер