astana-view

Мемлекет басшыларының қатысуымен өткен Жоғары кеңес отырысында ҚР ҰКП мен Еуразиялық экономикалық комиссиясының өзара іс-қимылы атап өтілді

2014 жылғы 06 Наурыз
8237 просмотров

Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен тығыз байланыста. Бизнес пен экономиканы дамыту мәселесін де өзара талқылап отырады, деп мәлімдеді ЕЭК төрағасы Виктор Христенко.

«Владимир Владимирович бизнеспен белсенді түрде жұмыс істеп жатқандығымызды мәлімдеді. Айтпақшы, Қазақстанда жуырда бизнеспен өзара іс-әрекет жөніндегі жаңа заң қабылданып, кәсіпкерлер палатасы құрылды. Билік бизнес пен экономикаға қатысты қабылдаған кез келген шешімдерін құзырлы ұйыммен ақылдасып, талқылап отырады. Қазір қазақстандық палатамен біз тығыз қарым-қатынастамыз. Ресейлік және белорусстық бизнес өкілдерімен көптеген мәселелерді талқылаймыз», - деді В.Христенко.

Сәрсенбі күні Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында осылай мәлімдеме жасалды.

«Нұрсұлтан Әбішұлы сәуір айында Жоғары кеңесті жинауды тапсырған еді. Мен ойлаймын, сәуір айында біз (Қазақстан, Белоруссия, Ресей президенттерінің назарына ұсына отырып - ред) кейбір шешімін күтіп тұрған күрделі мәселелерді реттеміз деп ойлаймыз», - деп мәлімдеді Христенко.

Оның айтуынша, сәуір айында өтетін Жоғары кеңес шешуші болуы мүмкін. Келісім жобасына қол қойылу үшін, оның мәтінін заңдық, техникалық, стилистикалық қайта өңдеудің жаңа кезеңіне өтуі тиіс. 

Назарбаевтың хабарлауынша, тараптар тура мамыр айында құжатқа қол қоюға дайын болуы керек. «Әлі де ортақ мәмілеге келе алмаған мәселелер көп болғандықтан, үлгере алмауымыз мүмкін, сондықтан қыркүйек айында кездесейік (сарапшылар – ред.)», - деп мәлімдеді ол.

Сондай-ақ, Н.Назарбаев интеграция барысында экономикалық мәселелелерді шешуге топталу қажеттігін атап өтті. «Пікірлер қайшылығына қарамастан, алдымен экономикалық одақ құралық, қалғанын көре жатармыз. Кейбір елдердің ішкі түсінбеушіліктерін тізбелеуді қою керек, мына жаққа әлеуметтік мәселелерді араластыру тіптен қажет емес. Керегі не? Ең біріншіден, экономикалық мәселелер шешімін табуы тиіс», - деді ол.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер