astana-view

Кеңес жұмысы қорытындыланды

2016 жылғы 28 Наурыз
- Ақтөбе облысы
10806 просмотров

2016 жылы Іскер әйелдер кеңесі 500-ге жуық ақтөбелік қыз-келіншекке қолдау көрсеткен

Ақтөбе облысындағы ІӘК қызметінің қорытындысы Кәсіпкерлер палатасында жарияланды.

2015 жылдың наурыз айында өңірлерде Іскер әйелдер кеңестері құрылғанын білеміз. Ақтөбе облысы ІӘК құрамына 11 жерілікті бизнесвумен енген.

Бір жыл ішінде Үйлестіру кеңесі 12 көшпелі іс-шара ұйымдастырып, кәсіпкерлерді қолдау орталығының тренерлері 245 бастаушы кәсіпкер әйелге бизнес негіздерін оқыту бойынша семинар-тренингтер өткізген. Бизнестегі құқықтық мәселелерді шешуде 52 әрекеттегі кәсіпкерге қолдау көрсетілді. Тағы 25-і старт-ап жобаларын қаржыландыру мүмкіндігіне ие болып, 10 кәсіпкер ағымдағы бизнесін кеңейте алды. Оған қоса, 10 кәсіпкер әйел жер телімдері мен рұқсат құжаттарын алуда көмекке ие болды.

2015 жылдың маусым айында ӨКП «Қазақстанның үздік тауары – 2015» байқауын ұйымдастырып, оған ақтөбелік қыз-келіншектер белсенді түрде қатысқан. «АРТ Трейд» ЖШС директоры және ІӘК мүшесі Наталья Шмаренкова «Тұрғындарға арналған үздік тауар» байқауының 3-дәрежелі лауреаты атанған болатын.

«Былтырғы жылдың қазан айында «Алекс АСУ» ЖШС директоры, Үйлестіру кеңесінің мүшесі Алтын Мұхамбетова Италияда өткен «ЭКСПО-Милан-2015» көрмесіне қатысқан. Қайырымды істер әлеуметтік акциясы аясында Кеңес «Даму» КДҚ-мен бірлесе отырып 2-топтағы мүгедек, бастаушы кәсіпкер әйелге көпфункционалды тігін машинасын сыйға тартты», – деді ӨКП бөлім бастығы Дамиля Құнанова.

Бұдан басқа, ІӘК мүшелері «Алекс АСУ» басшысымен бірлікте «Аналар үйінде» тұратын жас келіншектерді компьютерлік сауаттылыққа көшпелі оқыту шарасын ұйымдастырған.

2016 жылы өңірде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ӨКП қолдауымен бірнеше бағыттағы жобаларды іске асыру басталмақ. Оның ішінде «Ақ-руно» ЖШС әйелдер мен балаларға арналған дағдарыс орталығы, «Энергетик» балалар сауықтыру ұйымы, «Дені сау ұрпақ» ұжымдық қоры, «Әсем» емдеу-сауықтыру орны сияқты жобалар бар. Сонымен бірге 320 орынға шақталған балабақша, «Ақбөбек» халықаралық жекеменшік мектебі, тау-шаңғы кешені, спорт-көңіл көтеру кешені және өзге де бірнеше нысандар құрылысы қолға алынбақ. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер