astana-view

Кәсіпкерлердің құқын бірге қорғаймыз!

2016 жылғы 29 Наурыз
- Ақтөбе облысы
7944 просмотров

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы мен Әділет департаменті өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов пен өңірлік Әділет департаментінің басшысы Гүлмира Тұрлыханова әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Осылайша, тараптар кәсіпкерлердің құқықтарын қорғамаққа күш біріктірді.

«Біз ақтөбелік бизнес-қауымдастықтың белсенді өсуі үшін, тиімді жағдай жасауды және кәсіпкерлікті дамытудың жаңа мүмкіндіктерін анықтауды көздеудеміз. Өзара қарым-қатынасымыз жемісті де, тиімді болады деп сенемін», – деді Нұрлыбек Мұқанов.

Сонымен қоса, меморандумда бизнес субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қамтамасыз ету де қарастырылған. Тараптар, сондай-ақ, кәсіпкерліктің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды талдап, енгізуді және өзара мүддеге қатысты ақпаратпен бөлісуді жоспарлауда.

Айта кетерлігі, келісімде құжаттар пакетін дайындауға кететін уақыт пен қаражатты қысқартуға, сыбайлас жемқорлық факторларын және өзге де әкмшілік кедергілерді азайтуға, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғаудың қосымша механизмдерін енгізуге бағытталған кешенді шаралар қарастырылған.

Тараптар Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті одан әрі дамыту үшін сындарлы, ашық және тиімді қағидаларға негізделген институционалдық негіз жасауда ортақ әрі байламды әрекеттерді жүзеге асыруға келісті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер