astana-view

Қытайдан жеткен алғыс

2016 жылғы 30 Наурыз
7837 просмотров

«Айзцюй» корпорациясының бас директоры Цзя Хэи ҚР «Атамекен» ҰКП-на әріптестік қарым-қатынастары үшін алғысын білдірді

Ұлттық Палата басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметовтың атына жіберілген хатта: «Біз 88 вагоннан тұратын кері контейнерлік пойыздың 2 мың тонна қазақстандық өсімдік майымен Сиань халықаралық сауда-логистикалық саябағына сәтті түрде жеткендігіне өте қуаныштымыз», – делінген.

Сондай-ақ, Цзя Хэи  Солтүстік Қазақстан облысында «Айзцюй» корпорациясының май зауыты құрылысына қатысты серіктестік қарым-қатынастарды да атап өтті. «Палата аталмыш мәселеде үлкен көмек көрсетті. «Айзцюй» корпорациясының атынан қолдау көрсеткендеріңіз үшін Сіздерге алғыс білдіруіме рұқсат етіңіздер. Біз ҰКП-ның Сіздің төрағалығыңызбен әлі де жобамызға үлкен көңіл бөлетіндігіне сенеміз»,– делінген бұл хатта.

Естеріңізге сала кетсек, 21 наурызда Алматы облысының «Достық» станциясынан ҚХР-дің Шэньси шет аймағына тұңғыш рет 2 мың тонна күнбағыс және рапс майлары жіберілген болатын. Өнім «Атамекен» ҰКП-ның көмегімен экспортталды. Енді отандық өнім Қытайдың халық саны 35 млн адамнан асатын Шэньси шет аймағына жеткізілетін болады. Total Impex қазақстандық май өндірушісі Дәурен Тұрапбековтың сөзіне қарағанда, сынама жобасы болашақта Қазақстан экономикасына жаңа инвестициялар тартуға септігін тигізуі мүмкін. 

Май жеткізу бойынша ағымдағы келісім-шарттың сомасы 573 млн астам теңгені құраған. Таяуда тағы да 20-40 контейнер май жіберу жоспарда бар. Ал болашақта экспорт түрін арттыру көзделуде. Бүгіннің өзінде Қытай нарығы Қазақстаннан ұн өнімдері, сүт тауарлары мен ет әкелуге ынта білдіріп отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер