astana-view

Қызылордада 16 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды

2016 жылғы 30 Наурыз
- Қызылорда облысы
14708 просмотров

«Бірлесіп бас қосып, кооперативтер құру заман талабы», - дейді қызылордалық кәсіпкерлер. Елімізде қолданысқа енген «Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы» Заңының аясынде барлық өңірлерде кооперативтер құрылуда.

Жыл басынан бері Кәсіпкерлер палатасы, жергілікті атқарушы орган өкілдерінің жүргізген түсіндірме жұмыстарының негізінде облыс бойынша 16 кооператив құрылды.

Бұл жөнінде Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов: «Қазіргі кез жұмыла еңбек ететіндердің заманына айналуда. «Жалғыздың үні шықпас» дегендей, кәсіпкерлер үшін де мәселемен жалғыз айналысқаннан гөрі, бірлесе шешкен тиімді болуда. Біздің өңір тұрғындарының басым бөлігі ауылдық елді мекендерде тұрады. Солардың ішінде 100 мыңнан астамы ауыл шаруашылығымен айналысады. Аталмыш ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің арасында 4 мыңы ғана салық органдары мен статистика органдарында тіркелген. Осы ретте, шаруа қожалықтарының кооперативтерге бірігуі маңызды шара. Бұл ретте Кәсіпкерлер палатасы жыл басынан бері аймақта жергілікті әкімдікпен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде І тоқсанның өзінде аудандарда, ауылдық елді мекендерде барлығы 16 кооператив құрылып, 11 кооперативті тіркеу жұмыстары жүргізілуде», - деді.

 Айта кету керек, тіркелген 16 кооперативке 78 шаруа қожалықтары енген болса, тіркелу жұмыстары жүргізіліп жатқан                     11 кооперативке 42 шаруа қожалықтарын біріктіру жоспарлануда

Өз кезегінде кәсіпкерлер ұсақ шаруа қожалығын ірілендіру арқылы мемлекеттен техникаға, тыңайтқыштарға, несие алуға жеңілдіктер болады деп күтуде. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер