astana-view

Жер сатылады!

2016 жылғы 31 Наурыз
- Ақтөбе облысы
9420 просмотров

Сәуір айында ақтөбелік кәсіпкерлерге аукцион арқылы 20 жер телімі сатылатын болады

Өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы нысандар құрылысына арналған жер телімдерін жалға алу бойынша аукцион Ақтөбеде алғаш рет өтіп отыр. Бұл туралы palata.kz-ке Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Нұрлан Махамбетов мәлімдеді.

Оның айтуынша, сәуірдің 4-7 аралығында ағылшын тәсілі арқылы саудаласу өтіп, оның барысында  Ақтөбенің  бірнеше тұрғын үй алаңдарындағы жер телімдері сатылады. Олар «Рауан», Қарғалы ауылдарындағы, Оңтүстік батыстағы, Батыс-1, өнеркәсіптік аймақтар ауданындағы тұрғын үй алаңдары. Жер телімдерінің бастапқы бағасы 39 мыңнан басталып, 2 млн теңгеге дейін жетеді.

Кәсіпкерлер жақын арада бұл телімдерде дүкендер, кафе, монша-кір жуу кешендері, мәдени-тұрмыстық нысандар, спорт клубтарын, көпқабатты автопаркингтер құрылысы бойынша өз жобаларын іске асыра алады. Сонымен бірге, өнеркәсіптік аймақта өндірістік базалар, техникалық қызмет көрсету бекеттері, кемпингтер мен ет өңдеу комбинаты пайда болмақ. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер