astana-view

ШОБ субъектілері назарына

2016 жылғы 31 Наурыз
13024 просмотров

Қорғаушылар, сот орындаушылар, нотариустар, медиаторлар мен ЖК-нің міндетті зейнетақы төлемдерін есептеу туралы

Кәсіпкерлерден келіп түскен өтініштерге байланысты «Атамекен» ҚР ҰКП хабарлайды.

2015 жылдың 2 тамызындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамыздандыру туралы» ҚР заңының 25-бабы 4-тармағына өзгерістер енген болатын.

Сонымен, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР заңының 25-бабы 4-тармағының бірінші және үшінші тармақшаларына сәйкес қорғаушылар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, сонымен бірге жеке кәсіпкерлердің өз пайдасы үшін салықтық кезеңнің әр айында  бірыңғай зейнетақы қорына бөлетін міндетті зейнетақы төлемдерінің мөлшері түсетін кірістің 10 пайызы көлемінде бекітілген. Алайда ол республикалық бюджет туралы заңда қаржылық жылға сәйкес бекітілген ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 пайызынан аз болмауы, сонымен бірге 75 реттік ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 пайызынан аспау керек. Түсетін кіріс деп өз пайдасы үшін бірыңғай жинақтаушы қорына міндетті зейнетақы төлемдерін төлеу үшін қорғаушы, жеке сот орындаушысы, жеке нотариус, кәсіби медиатор, сонымен бірге жеке кәсіпкердің өзі анықтайтын кірісті атайды.

24.03.2016 жылғы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ұсынған №3481 хатында берілген түсініктемеге сәйкес жеке кәсіпкерлер өз пайдасына төлейтін міндетті зейнетақы төлемдерін алып қалып, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамада бекітілген мөлшерлемелер, тәртіптер мен мерзімдерге сәйкес БҰЗҚ-на аударып отыруы қажет.

Айтылғандарды есепке ала отырып, жеке кәсіпкер өз пайдасы үшін төлейтін міндетті зейнетақы төлемдерін зейнетақы заңнамасында көрсетілген өзі белгілеген мөлшерде аударуға құқылы (яғни, 2016 жылы 22 859 теңгеден 1 714 425 теңгеге дейін).

Осыған байланысты, егер жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салықтық режимді қолданатын жеке кәсіпкердің айлық кірісі (айналым) 1 500 000 теңгеге тең болса, сонымен бірге жеке кәсіпкер өз пайдасына төлейтін міндетті зейнетақы төлемін жасау үшін кіріс мөлшерін 500 000 деп белгілейтін болса, онда айлық міндетті зейнетақы төлемі 50 000 теңге болмақ. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер