astana-view

Үздік үштіктің қатарында

2016 жылғы 01 Сәуір
- Қостанай облысы
9300 просмотров

«Жас Атамекен» қостанайлық жас кәсіпкерлер клубы республикалық зияткерлік ойынында екінші орын алды

Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінде жастар арасында нақты бизнес-міндеттер кезіндегі шешім қабылдау және сараптау қабілеттерін дамыту және қалыптастыру мақсатында Bolashak Business Competition бизнес-кейстерді шешу ойыны ұйымдастырылды. Оған 130-дан адам қатысып, ақтық кезеңге 10 ұжым өткен болатын.

Ақтық кезеңде қатысушылар қазақстандық банктердің бірінің тәжірибесінен алынған «Экспорттық операцияны қаржыландыру» тақырыптық кейсін шешуге, сонымен бірге әділқазылар алқасы алдында өз шешімдерінің презентациясын жасау арқылы қорғауға тиіс болды. Нәтижесінде бірінші орынды алматылық «DreamTeam» командасы алса, екінші орын қостанайлық «Жас Атамекен» жас кәсіпкерлер клубына бұйырды, ал үшінші орынды астаналық «Optimus» командасы иеленді.

«Ел президенті шағын және орта бизнесті қолдау қажет екендігін үнемі айтып келеді. Біз бұл мақсатты іске асыруға ұмтыламыз, жастардың бизнеске көптеп келіп, өзін өзі дамыта түскенін қалаймыз. Көптеген стартап-байқаулар қатысушысы ретінде айтарым, ондай шаралар болмаса бүгінде менде білім мен қабілет болмас еді. Ал бүгінгі оқиға, бұл жеңіс – менің білім қорыма білім қоса түсті», –деп ағынан жарылды «Жас Атамекен» Жас кәсіпкерлер клубының резиденті Никита Карцев.

Қостанайлық «Жас Атамекен» клубы 2015 жылы Кәсіпкерлер палатасы жанынан жастар арасында бизнесті дамыту, жастардың өз ісін ашуына қаржы тарту арқылы қаржылай емес қолдау көрсету мақсатында құрылған. Клуб ашылғалы бері 15 жаңа жоба іске асқан. Оның ішінде бидай шырынын өндіру, кондитерлік өнімдер шығару, авто жууға арналған химиялық құралдар жасау және т.б. бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер