astana-view

Даяшылар кәсіби даярлықтан өтпек

2016 жылғы 04 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
10089 просмотров

Петропавловскіде мейрамхана мен кафе даяшыларын оқытудың 1-ші үшкүндік кезеңі аяқталды

Бұл мамандыққа оқыту курстары «СҚО рестораторлар мен отельерлер қауымдастығы» ҚҰ бастамасы бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесе ұйымдастырылған.

Айта кету керек, жергілікті қонақ үйлер мен мейрамханаларда көрсетілетін қызмет сапасын арттыру қажеттілігі мәселесін осы қызмет саласы өкілдерінің басын қосып отырған қауымдастық төрағасы жайдан-жай қозғап отырған жоқ. Келесі жылы Қазақстанда әлемнің 100-ден астам елінің өкілдері келеді деп жоспарланып отырған мамандандырылған халықаралық «ЭКСПО – 2017»  көрмесі өтпек. Қонақтардың кей бөлігі біздің облысқа да аяқ басуы мүмкін. Оған қоса СҚО кәсіпкерлік пен туризм басқармасының қолға алуымен көрмеге бірқатар шаралар даярлануда, оның ішінде арнайы туристік бағыттар да бар. Сәйкесінше, көрсетілетін қызмет сапасы да жоғары болуы керек.

«Біз қазір мейрамхана мен кафе даяшыларын оқытудың 1-ші кезеңін аяқтадық және қонақжайлылық мектебін ашамыз деп мәлімдеп отырмыз. Бір жарым айдан соң даяшыларға бұдан да тереңірек білім беруге ұмтылып отырмыз. Жоспарда мейрамхана иелерін, әкімшілер мен маркетологтарды, сондай-ақ қонақ үйдегі қызметші әйелдерді оқыту бар», – дейді «СҚО рестораторлар мен отельерлер қауымдастығы» ҚҰ төрағасы Сайран Хамзин.

Қауымдастық жергілікті аспазшыларға арнап шеберлік-сыныптарын өткізу үшін белгілі аға аспаздармен келісіп қойғанын айта кету керек. Бүгінгі күні колледждер базасында даяшы мамандығын оқыту жөніндегі үш айлық курстарды ашу үшін білім беру басқармасымен келіссөздер жүргізілуде. Даяшыларға үйрету сабақтарын астаналық тренинг-менеджер Динара Бозжігітова өткізеді.

«Үйрету тренингтеріне 22 адам қатысты. Олардың арасында даяшылар мен тағылымгерлер ғана емес, сонымен бірге облыс орталығындағы мейрамханалардың әкімшілері мен бармендері де бар. Олардың әрқайсысы оқу курстарынан өткені туралы сертификаттарға ие болды», – деп айтып берді СҚО КП сарапшысы Ирина Торопова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер