astana-view

Тігін тігуді үйретіп шықты

2016 жылғы 05 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
15555 просмотров

«Әскери киім тігу фабрикасы» ЖШС жанындағы Кәсіптік даярлық, қайта даярлық және кадрлар біліктілігін арттыру орталығын алғашқы түлектер бітіріп шықты

«Оқытуға 15 адам қатысты. Оларға біліктілікті арттыру туралы куәліктер салтанатты түрде табысталды. Айта кету керек, бұл курс қатысушыларының кәсіптік білім алғаны туралы  алғашқы құжаттары», – деді СҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Светлана Цупко.

Үш ай ішінде қатысушылар тігін тігу өндірісінің қыр-сырына қанық болды. Теориялық сабақтарды «СҚО Оқу-өндірістік комбинаты» ЖШС ұстаздары Наталья Фирсова мен Сәуле Байғожинова өткізді. Кәсіптік оқыту олардың алдағы уақытта жұмыс жасайтын жұмыс орындарында өтті.

«Фабрикаға келместен бұрын мен қаланың түрлі ательелерінде жұмыс жасағанмын. Алайда қолымда кәсібім мен деңгейімді растайтын еш құжат болмады. Ал қазір, курсты аяқтаған соң, ресми құжатқа ие болдым. Жұмысым бар, тұрақты табысым бар, бұдан басқа еш жерге кеткім келмейді. Бізге өз білімі мен машығын үйреткен ұстаздар мен шеберлерге, курстарды оқып, куәлік алуға мүмкіндік беріп отырған фабрика мен оқу-өндірістік комбинат басшыларына алғыс айтқым келеді. Енді мен өзіме бұрынғыдан гөрі сенімдірек бола түстім», – деп алған әсерлерімен бөлісті Сергей Рощин. Кәсіпорын жанынан Оқу орталығын ашу бастамасы фабрика басшысы Борис Бутыч пен «СҚО ОӨК» ЖШС директоры Николай Соколовқа тиесілі болғанын айта кету керек. Олардың бұл ойы Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен жүзеге асып отыр.

Фабрика басшысының айтуынша, кәсіпорын мен білім беру ұйымының серіктестік қарым-қатынасы соңғы бес жылдан бері, яғни ОӨК-да тігіншілерді даярлау қолға алған уақыттан бастап,  жақсы дамып келеді. Студенттер фабрикада тәжірибеден өтеді де, кейін сонда жұмыс істеуге қалады.

«Қазір біз кеңеюдеміз, үлкен көлемде балалар киімін тігуге тапсырыс алдық және кадрлар тапшылығын тартып отырмыз. Қазіргі таңда бізге жай тігіншілер емес, жауапкершілігі мол әрі ұқыпты мамандар қажет. Кейбір білікті мамандармен қош айтыстық, оны жасырмаймын. Алайда, егер адам бүгінгі күні кәсіпорын дамуының негізгі факторы сапа екенін түсінбесе, оған қоса балалар киімінің спецификалық ерекшелігін ескермесе, ондай адамдармен біз жұмыс жасай алмаймыз. Сондықтан да біз Оқу орталығын ашып, онда өз қызметкерлерімізді даярлық, қайта даярлық және біліктілікті арттырудан курстарынан өткізуді дұрыс санадық. Біз жаңа қызметкер іздегенше, бұрынғыларын қайта оқытқан жөн деген шешімге келдік», – деді «Әскери киім тігу фабрикасы» ЖШС басшысы Борис Бутыч.

Бұған қоса, ол мұндай форма оқытуды фабрика қажеттілігі мен ерекшелігіне қарай ұйымдастыруға, оқытудың нәтижелі болуына тұрақты талдау және бақылау жасауға, жаңадан жұмысқа қабылданған қызметкерлерді бейімдеу проецесін жеңілдетуге және ұжымдық құндылықтарды дамытуға мүмкіндік беретінін айтып отыр.

«Топтарды біз Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, сонымен бірге көлденең ұйымдар бағыттары бойынша жабдықтаймыз. Фабрикамен ынтымақтастыққа отыру арқылы біз студенттерді де, курс қатысушыларын да өндірістік жағдайда жаңа жабдықтарда жаңа технологиялар мен материалдармен оқытуға мүмкіндік беріп отырмыз. Бұл кадрларды даярлаудың маңызды тұсы, себебі түлектерді жұмысқа орналастырған соң оларды қайта оқыту қажет болмайды», – дейді «СҚО ОӨК» ЖШС директоры Николай Соколов.

Фабрика басшылығы қызметкерлер біліктілігін арттыру бүгінгі таңда кез келген компанияның бәсекелі басымдылығы екенін түсініп отыр.

Айта кетерлік жайт, Оқу-өндірістік комбинат биыл фабрика үшін 60 адам даярлауды жоспарлап отыр, олардың 15-і оқыту курстарын тәмамдап отыр. 26 адамды қамтитын келесі оқу кезеңі маусым айының соңында аяқталмақ. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер