astana-view

Табысты кәсіптің кілті

2016 жылғы 06 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
11105 просмотров

«Кәсіптік-кеңесші» атты жоба бойынша оқыған 27 мамлютшылар сертификатқа ие болды.

Жыл басынан бері бұл жоба бойынша 162 солтүстік қазақстандық оқыды.

Гранттық қаржыландыруға қатысу мен «Кәсіптің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша несие алуға міндетті түрде осындай сертификат керек.

СҚО Кәсіпкерлер палатасының бизнес-жаттықтырушысы Елена Коняхинадан курста оқып жатқандар кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеліп, бизнес-жоспар құрып, мемлекеттік қолдауға ие болуға, кәсіпкерлердің қандай тәуекелге баруына болатынын білген.

«Екі күн оқыту барысында мен тыңдаушыларыма бизнес-идеяны таңдаудың стратегияларын, ұйымның заңды негізі туралы, мемлекеттің шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған құралдарын айтып беруге тырыстым. Нарықты талдауды, баға саясатын таңдауды, кіріс пен шығысты жоспарлау, бизнем-жоспарды құруды, маркетингтік бағдарлама түзуді, қауіпті анықтауды, оны болдырмау шараларын нақтылауға үйреттік», – дейді Е.Коняхина.

Оқу курсы тәмамдалған соң СҚО Мамлют аудандық кәсіпкерлер палатасының бөлім директоры оқыған азаматтардың бақылау органдарының өкілдерімен кездесуін ұйымдастырды. Оқыған азаматтар қалаған сұрағын қойып, оларға лауазымды адамдар жауап беріп отырды.

Сұрақты тек оқуын енді тәмамдағандар ғана емес, тәжірибелі кәсіпкерлер де қойды. Алғашқы лек қандай іс ашқан тиімді, ЖК ретінде тіркеу қалай жүреді, салық жүйесін таңдау, есепті өткізу мерзімі секілді сауалдар қойса, екінші топ салық заңнамасындағы өзгертулерді, жаңа кәсіппен шұғылдануға рұқсат алу құжатнамалар қақында, үй малын ұстауға нендей рұқсат пен шарт болуы тиістігін, санитарлы нормалар, медициналық тексеруден қалай өтуі керектігін сұрастырды.

«Кәсіптік-кеңесші» курсы бойынша оқыған азаматтардың сұрақтарына Кәсіпкерлерді қолдау орталығының кеңесші менеджері Диас Иргалиев, тұтынушылар құқын қорғау аудандық басқармасының басшысы Зейнеп Биккина, мемлекеттік салық басқармасының жергілікті бөлімінің бастығы Наталья Тихонова және Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Санат Мұқашев жауап берді.

Курста оықғандарға әйелдер кәсібіне берілетін несие туралы, қадағалаушы органдардың тексеріс жасау тәртібі жөнінде СҚО кәсіпкерлер палатасының бөлім директоры Нина Василенко өзі айтып берді.

«Кәсіптік-кеңесші» курсының тыңдаушыларымен өткен кездесу кезінде гранттық қаржыландыру туралы бейнебаяндар көрсетілді. «Шағын кәсіпке арналған 100 жоба» атты анықтамалықтар таратылды. Оған қоса ақпараттық-талдамалы анықтамалықтар берілді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер