astana-view

Өз ісіңнің майталманы бол!

2016 жылғы 06 Сәуір
- Ақмола облысы
7763 просмотров

WorldSkillsKazakhstan–2016 Ұлттық Чемпионатына сан алуан мамандық иелерінен 15 адам қатысады

Бұл туралы өңірлік кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында айтылды. Оған Білім басқармасының өкілдері, Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері, олардың әлеуметтік серіктестері – өңірдегі озат кәсіпорындар қатысты.

WorldSkillsKazakhstan–2016 биыл жазда өткізілмекші. Бұл байқау білім жүйесі мен кәсіпкерлік әлемін біріктіретін жоба болмақ. Басты мақсаты кадр мәселесін ұтымды шешу. Қоғам назарын жұмысшы кадрлардың қажеттілігіне аударту. Жоғары санатты кәсіби стандарттарды дамытуға алғышарт жасау.

Дөңгелек үстел қатысушылары чемпионатқа қатысатындардың дайындығын ұйымдастыру жөнінде, кәсіпорындарда тәжірибе өтетіндерге қажетті құрылғыларды жеткізіп беру туралы сөйлесті. Кең көлемді байқау алдында қатысушыларға тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жасалынбақ.

Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік бөлімінің директор орынбасарының бастамасымен «Веста–Бурабай» атты тігін салоны мен Щучинск қаласының педагогикалық колледжі серіктестік келісіміне қол жеткізіп отыр. Осы оқу ордасының студенті наталья Рогожкина киім дизайны бойынша білім алады. Ол WorldSkillsKazakhstan–2016 байқауының қатысушысы. Тігін кәсіпорыны байқаудың басынан аяғына дейін келешек дизайнерге қажетті кәсіби біліктілікті үйретуді өз мойнына алып отыр.

Ақмолалық қатысушылар арасында сан алуан мамандық иелері бар: аспаз, шаштараз, құрылыс, электромонтаж ісі, әкімшілік жүйесі, мейрамхана ісі, мехатроника және т.б.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер