astana-view

Жер еңбек етушілерге берілсін!

2016 жылғы 08 Сәуір
- Ақтөбе облысы
7762 просмотров

Ақтөбе қ. әкімдігі «Қыпшақ» шаруа қожалығына мал жайылымына арналған жер телімін бермек

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ШҚ-на барып, ондағы проблемаларды шешуде көмек көрсетуге уәде берді.

Қонысқали Дүйсенбин Сазды округында екі жыл бұрын шаруа қожалығын ашқан-ды, осы уақыт аралығында  кәсіпкер бұл іске өз қаражатынан 50 миллионнан астам теңге салған.  

Қожалық иесі әкімге қора-жайын аралата жүріп жеке мал азығын даярлау туралы жоспарын жеткізді. Қожалық аумағында бидай өскінін өсіруге арналған жылыжай орналастырылған. Апта бойы шаруалар бір науадан 7-ден 14 килограммға дейін мал азығын өндірмек. Бидай өскінінде кальций, магний, марганец, мырыш және т.б. бірқатар миркоэлементтер бар. Бидайдың өңделмеген қауыздарында көп мөлшердегі Е дәруменінен басқа да заттар көп. Нәтижесінде бұл бірегей өнім сауым көлемін 15-20%-ға арттыруға септігін тигізбек.

Бүгінгі күні шаруа қожалығы мемлекет қолдауына мұқтаж.

Қожалық иесі өз проблемаларымен өңір басшысымен бөлісті. Жекелей алғанда, ШҚ ауданы 2000 шаршы метр болатын мал жемдеу алаңы мен сүт-тауарлық ферма салуды көздеп отыр. Осы жобаны жүзеге асыру үшін мемлекет қолдауы қажет. Бұған дейін Қонысқали Дүйсенбин жайылымдар мен силос жемдерін өсіруге арналған ауданы 3000 гектар болатын жер телімін алу үшін  Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер Палатасынан көмек сұраған. ӨКП басшылығы, өз кезегінде, Ақтөбе қ. әкімдігінен жер телімін бөлу туралы өтінді.

Нәтижесінде Бердібек Сапарбаев мемлекеттік органдарға жер теліміне қатысты мәселені және газбен қамту проблемаларын шешуді тапсырды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер