astana-view

ҚР ҰКП мен Германия бизнес қауымдастығының ең ірі одағы өзара келісім туралы меморандумға қол қойды

2014 жылғы 11 Наурыз
10909 просмотров

Берлинде стратегиялық қарым-қатынас жөніндегі қазақстандық-германдық Іскерлер кеңесінің кезекті 6-шы отырысы болып өтті. Онда Қазақстан Республикасы Ұлттық палатасы мен Герман экономикасының Шығыс Комитеті арасындағы өзара іскерлік байланысты нығайту жөніндегі Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды  Palata.kz.

Отырыс барысында, екі елдің шикізаттық, технологиялық, инновация мен инвестициялық салалары бойынша іскерлік байланысты дамытуға қатысты кешенді мәселелері қаралды.     

Отырыс күн тәртібіндегі ең маңызды пункттердің бірі ретінде - «Назарбаев-Меркель» бастамасын орындау мәселесі қаралды. Бұл - қазақстандық экономикаға аса қажет кәсіби-техникалық кадрларды дайындау және Қазақстанда дуальді білім берудің германдық үлгісін енгізу бойынша  жобалардың бірі.     

Іскерлер кеңесі жұмысына ҚР Ұлттық палата кәсіпкерлерінің төрағасы Абылай Мырзахметов қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, стратегиялық қарым-қатынас жөніндегі қазақстандық-германдық Іскерлер кеңесі Германияның Федералды канцлері Ангела Меркельдің 2010 жылдың шілде айында Астанаға келген іс-сапары кезінде құрылған еді. ҚГІК Қазақстан мен Германияның іскерлік ортасы мен бизнес өкілдерінің іскерлік байланысын арттыру мақсатында үйлестіруші орган ретінде қызмет етеді.

Герман экономикасының Шығыс комитеті, неміс экономикасының бұрыңғы аймақтық жобасы, неміс кәсіпорындарының басын біріктіретін ұйым. 1952 жылы комитет Ресей, Белоруссия, Украина, Орта Азия, Кавказ, Оңтүстік-Шығыс Еуропа нарығында неміс компанияларының мүддесін қорғады.     

Германия мен Шығыс Еуропаның саяси және экономикалық секторын қорғаушы дәнекер ретінде, комитет алдына  аймақтық елдермен өзара экономикалық байланысын одан әрі нығайтуды, неміс компанияларының сауда, өндіріс, инвестициядағы үлесін арттыруды, мақсатты рыноктардағы қызмет саласын кеңейтуді мақсат тұтады. Сондай-ақ, елдер және аймақтар арасындағы саяси маңызды экономикалық  өзгерістер үдерісін қолдап келеді. 

Шығыс комитеті Германияның, сондай-ақ, Орталық Азия мен Шығыс Еуропаның  мемлекеттік органдары мен өндірістік ұйым өкілдерімен тығыз байланыс құрған. Ол аймақтар мен елдердің экономикалық дамуы жөнінде маңызды мәліметтер жиынтығын жасап, мемлекеттік органдар-мен ресми диалог жүргізуді үйлестіріп отырады.  

Сонымен қатар, ол аймақтар мен елдердегі жоғары лауазымды қызметкерлер, кәсіпкерлер мен комитет өкілдерінің делегациясының қатысуымен өтетін түрлі семинар, конференция, іс-сапарларды ұйымдастырады. Шығыс Еуропадағы жас мамандардың кәсіби білім алуына септесіп, экономикалық дамуға ықпал ететін түрлі жобаларды жасаумен айналысады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер