astana-view

КҚО – жаңа жобаларға жол ашу алаңы

2016 жылғы 11 Сәуір
- Қостанай облысы
11584 просмотров

Жыл басынан бері бес жүзден аса қостанайлық Кәсіпкерлер палатасының көмегін алған

Тағы төрт мың адам бизнесті жүргізу бойынша кеңестер алды.

Кәсіпкерлікті қолдау және Қызмет көрсету орталықтарының мамандары көрсететін көмектің арқасында уақыт үнемделіп, жаңа мүмкіндіктер ашылды дейді клиенттер. КҚО қызметіне Жамбыл Біліспаев та жүгінген. Ол макулатураны қайта өңдеу және брикеттеу цехын ашу үшін 3 млн. теңгелік гранттан үмітті.

«Бізде, Жетіқарада қажетсіз болғандықтан, полигондарға шығарылып тасталған қағаздар, қаптау қораптары көп. Мен болсам олардан 100 кг-дық брикеттер даярлайтын жабдық сатып алып, оларды сатсам деймін. Өткізу нарығын зерттеп алдым, сұраныс бізде де, Ресейдің шет облыстарында да бар. Палата кеңесшілері маған құжат жинауда және сауатты бизнес-жоспар даярлауда үлкен көмек көрсетті. Бұл өзімнің қолымнан келмес еді. Грантқа үміт артып отырмын, жоба да аудан үшін маңызды әрі қызықты», – дейді Жамбыл Біліспаев.

Тұтастай алғанда, КҚКО мен КҚО ұсынатын қызметтер ішінде бухгалтерлік және заңгерлік қызметтер алдыңғы шепте тұр. Олар салықтық және статистикалық есептерді беру және даярлау, түрлі шарттар жобаларын жасау және т.б. Сонымен бірге қостанайлықтар бизнес-жоспар жасауға көмек сұрап жиі келеді екен. Бұл қызметті алуға бастаушы кәсіпкерлер де, бизнесін кеңейтуді көздейтін әрекеттегі кәсіпкерлер де мүдделі екен.

Бұдан басқа өңірде «Бизнес-Кеңесші» тегін курстары бойынша оқыту іске асуда. Жыл басынан бері курстарға 455 адам қатысқан. Курстан өткеннен кейін берілетін сертификаттарды «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша гранттар алу кезінде ұсыну міндетті болып саналса, алынған білім өзге мемлекеттік бағдарламалар аясында жобаларды жүзеге асыру үшін қажет болмақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер