astana-view

Фермерлерге ақша бөлінеді

2016 жылғы 13 Сәуір
- Ақтөбе облысы
7716 просмотров

«ALMEX-Baiterek Fund» қоры Ақтөбе облысындажалпы құны 7,4 млрд теңге  болатын үш жобаны іріктеп алды

Бұл туралы Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы  palata.kz-ке хабарлады.

ALMEX-Baiterek Fund қоры арқылы қаржыландыруға болатын жобаларды іздеу және даярлау жөніндегі сараптамалық топ мүшелері, Инвестициялар рентабельдігін зерттеу жөніндегі агенттіктің өкілдері Ақтөбе облысына  барып қайтты.

«Біз өңірдің қосымша салым салу қажет болып отырған ірі агроқұрылымдары мен тағам кәсіпорындарының басшыларымен кездестік. 8 кәсіпорынға барып, олардың тікелей қаржыландыру үшін даярлаған жобаларынің ішінен 3 жобаны таңдап алдық», – деді Бауыржан Дарқұлов.

Олардың қатарында құны 280 млн. теңге болатын шұжық өндірумен айналысатын «Тандем W» ЖШС, жүзеге асыру үшін 6,8 млрд. теңгені қажет ететін «Милкер» ЖШС сүт-тауарлық фермасы да бар. Ал «Мартук сүт» ЖШС өндірісті жаңғырту үшін 300 млн. теңге сұрап отыр.

Қор Елбасының тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметінің, «Атамекен» ҚР ҰКП қолдауымен және «Бәйтерек» ҰБХ мен «АЛМЭКС» холдингтік тобының қатысуымен АӨК саласы мен тағам өнеркәсібі кәсіпорындарын қолдау мақсатында құрылғанын айта кету керек. Қор қызметі үлестік қаржыландыру арқылы отандық тауар өндірушілерін тікелей инвестициялауға негізделеді. Қордың бір жобаға қатысуының орташа мерзімі қатысу туралы шешім шыққан күннен бастап 5-7 жылдан аспайды. Ал Қор салған инвестицияларды қайтару оның жобаға қатысуы аяқталған сәттен бастап жүзеге асады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер