astana-view

Заң жобасындағы түзетулер саудагерлер мүддесін көздейді

2016 жылғы 15 Сәуір
8630 просмотров

Сауда базарлары әмбебеп және мамандандырылған деген түрлерге бөлінетін болды

Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Сауда комитетінің төрағасы Қайрат Мәжібаев Ұлттық палатаның Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевқа атқарылған жұмыстар туралы есеп беру барысында мәлім етті. 

Бейінді комитет төрағасы айтып өткендей, ҚР «Сауда әрекетін реттеу туралы» заң жобасына «сауда базары» деген түсінік енгізілген. Оның айтуынша, сауда базарларын әмбебап және мамандандырылған деген түрлерге бөлу ұсынылуда, сондай-ақ көтерме және электронды сауда, сауда биржаларының әрекеттері мәселелеріне қатысты түзетулер енгізілген. Айта кетерлігі, ҰКП-ның стационарлық сауда нысандары туралы ұсынысы қабылданған. «Стационарлық сауда нысандары сауда аумағына орай санаттарға жіктеледі, нәтижесінде бизнесті қолдау жөніндегі бағдарламаларға қол жеткізуге мүмкіндік туады», – деп түсіндірді ҰКП Сауда комитетінің төрағасы.  

Мәжібаев, сондай-ақ, кәсіпкерлердің сауда нысандарындағы өртке қатысты мәселелері ішінара шешімін тапқанын да айтып өтті.

«Жеміс-көкөніс мысалында тауар жеткізуші жүйені құру және енгізу бойынша қарқынды жұмыс басталып кетті. «Қорғас» халықаралық шекаралық әріптестік орталығының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық база құруға, сондай-ақ, қазақстандық бөлігінің инвестициялық тартымдылығын арттыруға байланысты жұмыстар атқарылуда», – деп сөзін жалғады Ұлттық палатаның бейінді комитетінің басшысы.

Қайрат Мәжібаев Сауда кәсіпорындары қауымдастығы мен BBCG компаниясының бірлесуімен  тұтынушы тауарларының ретейлі мен дистрибуциясына арналған  II Азиялық бизнес-саммиттің ұйымдастырылып, өткізілгенін айтты.

Оған қоса, Сауда комитетінің төрағасы сауданың мынандай жаңа үлгілерін дамытуға ұсыныс жасады: мобильдік сауда ретінде шағын кәсіпкерліктің «дөңгелектегі» бизнес сынды жаңа үлісін дамыту, көше саудасы – стационарлық емес сауда нысандары әрекетін жүзеге асыру мақсатында жер телімдерін беру рәсімдерін реттеу. Сондай-ақ, «Қазфуд» – экологиялық таза өнімдерден дайындалған ұлттық тағамдарды сатуға маманданған қоғамдық тамақтану нүктелерін енгізу жобасы әзірленеді.

Мәжібевтың айтуынша, осы жылы отандық тауар өндірушілер мен жеткізушілерді шоғырландыруға мүмкіндік беретін консорциум құру ұсынылуда.

Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану нысандарын 5 жұлдыздық шкала бойынша бағалаудың халықаралық жүйесі енгізіледі. Ол рейтінгілік жүйе бағалауын иемдене отырып, қоғамдық тамақтану нысандарында қызмет көрсету деңгейін арттыруға бағытталған.

Қайрат Мәжібаев саудадан салық енгізудің қолайсыздығын да тілге тиек етті. Өйткені оны басқару қиынға соғады екен. Оған қоса, бизнеске салықтық жүктеме коэффициентін еселеп арттыру күрделі экономикалық жағдайларда оның жұмысына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Комитет төрағасы салалық қауымдастықтармен жұмысты күшейтуді және жүйелік мәселелерді шешуге топтасуды ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер