astana-view

Еліміздің барлық өңірінде «Жас кәсіпкерлер мектебі» ашылады

2014 жылғы 11 Наурыз
4014 просмотров

Биыл еліміздің барлық өңірлерінде «Жас кәсіпкерлер мектебі» ашылады. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры таратқан мәліметке сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

«Қор қолға алған маңызды оқу жобаларының бірі – «Жас кәсіпкерлер мектебі». Оның міндеті – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді және іскерлік бастамалары бар жастарды өз бизнесін ашуға дайындау. Бұл теориялық дайындық, практикалық дәрістер, бизнес-жобаны міндетті түрде қорғау және «Идеялар жәрмеңкесін» қамтитын екі апталық оқыту бағдарламасы. «Идеялар жәрмеңкесіне» тек аталмыш мектептің тыңдаушылар ғана емес, сонымен қатар бастаушы кәсіпкерлердің жобаларын жүзеге асыруға септігін тигізетін әрі әлеуетті инвестор болып есептелетін табысты бизнесмендер, ұстаздар, әкімдіктер мен өзге де мемлекеттік құрылым өкілдері де қатыса алады», - деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Бұл жоба пилоттық режімде 2012 жылы Шымкент қаласында қолға алынған болатын. 400 жас азамат аталмыш мектепте оқып шықты. Қанатқақты жоба сәтті жүзеге асқан соң, 2013 жылы «Жас кәсіпкерлер мектебі» республиканың бес өңірінде жоғарғы оқу орындарының базасында ашылған. Бұл мектептерде былтырғы жылы 632 адам білім алды.

«Бұл жобаға деген қызығушылық үлкен болғандықтан, биылғы жылы еліміздің барлық өңірлерінде «Жас кәсіпкерлер мектебін» ашу жоспарланып отыр. Бұл мектептер кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары жанында жұмыс істейтін болады», - деп мәлімдеді баспасөз қызметіндегілер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер