astana-view

Шенеуніктер жауапқа тартылсын!

2016 жылғы 18 Сәуір
- Жетісу облысы
8157 просмотров

Кәсіпкерлерден Техникалық реттеу және метрологиялық комитетінің атына шағым жиілеп кеткендіктен, Кеңес департамент жұмысын тексеруге ұсыныс білдірді

ӨКП-да Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының кезекті отырысы өтті. Айта кетерлігі, оның құрамына ӨКП Өңірлік кеңесінің мүшелері, өңір бизнесмендері, облыс әкімінің орынбасары, прокурордың орынбасары, мемлекеттік кірістер департаментінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнің өкілдері кіреді. Кеңес жұмысына, сонымен қатар, бірқатар департамент басшылары қатысты.

Шараның модераторы Кеңес төрағасы Баниямин Файзуллин күн тәртібімен таныстырып, проблемалық мәселелерді ортаға салды.

Бірінші тоқсанда ӨКП-ның құқықтық блогына кәсіпкерлерден 117 өтініш келіп түссе, соның ішінде 83-і қаралған. 46 іс оң шешімін тапқан. 424 миллион теңге сомасында кәсіпкерлердің құқықтары қорғалған. Палатаның құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Қанат Қабдиев атап өткендей, бірінші тоқсандағы қорғалған мүліктік құқықтардың жалпы сомасы соңғы екі жылдағы жалпы сомадан асып түскен.

«Палата сарапшыларының қатысуы нәтижесінде сот 13 оң шешім қабылдады. Екі жылдың ішінде 15-тен астам прокурорлық жауап қайтару актісі енгізіліп, 2 заңсыз тексеру тоқтатылды, 4 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды. 2014 жылдан бүгінгі күнге дейін Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы 50 әкімшілік кедергіні анықтады, оның 19-ы республикалық деңгейде, 39-ы жергілікті деңгейде, 33-і жойылды», – деп атап өтті Қабдиев.

Жиналыста Алматы облысы бойынша Техникалық реттеу және метрологиялық комитеттің тексеру жүргізу тәртібін бұзғандығы туралы мәселе көтерілді. Өтініштерді қарау нәтижесі бойынша департамент бастығы Қайрат Тастемір тәртіптік жауапқа тартылып, сөгіс жарияланды.

«Алайда, қабылданған шараларға қарамастан, 2016 жылдың 1 тоқсанындағы таңдамалы тексеріс жоспарына техникалық реттеу және метрология саласындағы тәуекел деңгейін бағалау өлшемдерін бұзғаны үшін «Аймед медициналық орталығы» ЖШС мен «АРУ медициналық орталығы» ЖШС енгізілді. Дей тұрғанмен, өткен жылы бұл ұйымдардың әрекеті оң бағаланған еді. Кәсіпкерлердің шағымынан кейін прокуратура тексерістердің күшін жойды. Соған байланысты, Техникалық реттеу және метрологиялық комитет қызметіне мониторинг жүргізу туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне ұсыныс білдірілді. Бейінді министрлікке ұйымның бірінші басшысын жауапқа тарту жөнінде шара қолдану ұсынылды», – деді Б.Файзуллин. Бұл ұсынысты Кеңес мүшелері бірауыздан қолдады.

Құқықтық бөлімнің сарапшысы Диас Оташбаев жиналғандарға «Алель Агро» АҚ мен «Алатау-құс» ЖШС-ны әкімшілік жауапқа тарту барысындағы Техникалық реттеу және метрологиялық комитетінің монополияға қарсы тексеруге қатысты заңбұзушылықтары туралы баяндап берді.

Алматы облысы Жобалау, жобалау-іздестіру ұйымдары қауымдастығының төрағасы Александр Аникин мемлекеттік сатып алу бойынша бірыңғай норманы сақтау мәселесін көтерді. «Мемлекеттік сарапшының қорытындыларына қарамастан, тапсырыс беруші қосымша келісім жасаудан және қаржыландыруды арттырудан бас тартып отыр. Орындаушы жұмысты артығымен атқарса да. Тапсырыс беруші бюджетті қысқартқан жағдайларды қарастыру қажет. Мұндай жағдайларда кәсіпкерге экономикалық шығын келеді», – деді ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер