astana-view

Амбицияны табысқа айналдыру

2016 жылғы 18 Сәуір
- Қызылорда облысы
11023 просмотров

Қызылордалық әйелдерді бизнесте көшбасшы болуға үйретеді

Іскер әйелдер кеңесі өңірдің кәсіпкер әйелдерін «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасына қатысуға шақырады

Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Аманованың айтуынша, Еуропа қайта құру және даму банкі 2015 жылдан бері кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасын жүзеге асыруда.

Осыған орай, ертең, 2016 жылғы 19 сәуір күні сағат 15.00-де Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасының алаңында Еуропа қайта құру және даму банкі мен Қазақстан Үкіметі бірлесіп қаржыландырып отырған аталмыш бағдарламаның тұсаукесері және «Амбицияның табысқа айналуы» тақырыбында семинар-тренинг өткізіледі.

Шараны ұйымдастыруға Қызылорда облыстық ӨКП Іскер әйелдер кеңесі мұрындық болды.

Бағдарлама аясында кәсіпкер әйелдердің мынадай қолдау түрлерін алуға мүмкіндіктері бар:

1. «Даму» Қорының субсидиялау және кепілдендіру мүмкіндігі арқылы «ЦентрКредит Банкінен» бизнеске несие алу (жаңадан несие алу немесе ескі несиесін қайта қаржыландыру);

2. Консалтингтік жобаларға арналған грант. Гранттың шектік көлемі – 10 000 евро. Грант консалтингтік жоба құнының орташа алғанда 50%-ын жабады. БЦК-дан несие алған жағдайда гранттың көлемі тағы да 20%-ға ұлғаяды;

3. Шери Блэр атындағы британиялық әйел-кәсіпкерлер Қорының (Ұлыбритания) қолдауымен тәлімгерлік бағдарлама (ағылшын тілін білген жағдайда ғана). 1 жылға арналған бағдарлама аясында іскерлік байланыстар орнатып, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ бизнес-біліктілікті оқуға болады. Шығынның барлығын бағдарлама әкімшісі көтереді;

4. Коучинг бағдарламасы (консалтингтік жобаға грант алғандарға ғана). Сіздерге куратор беріледі және ол бір жыл бойы тұрақты түрде сіздің бизнесіңізді жүргізу мәселелері жөнінде консультациялар беріп отырады. Біздің грант куратордың қызмет ақысының 80%-ын жабады.

5. Бизнесті жүргізуге арналған түрлі семинар-тренингтер. Жалпы 2016 жылы әйелдер көшбасшылығы, қаржыны басқару, маркетинг, бизнесте компьютерлік технологияларды пайдалану және сіздің бизнесті дамыту  бойынша 5 тренинг өткізіледі деп жоспарлануда.

Тілек білдірушілердің бәрі шараға қатыса алады. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Кеңес төрайымы Жанна Амановамен байланысуға болады (87059019010).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер