astana-view

«Шортандыда жасалған» жиһаздар

2016 жылғы 18 Сәуір
- Ақмола облысы
8885 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Шортанды ауданының кәсіпкері өзінің кәсіптік бастамасын жүзеге асырды

35 жасар Нитай Ертіс тұрғылықты жерін өзгертіп, тиісті мамандығы болмаса да, өз кәсібін ашып, кез келген күрделі құрылымдағы жиһазды құрастырып беруді қолға алды. Оның жиһазы өңірде танылып, сұранысқа ие болып отыр.

Бастапқы кезде қиындықсыз іс бітпеді. Сондықтан жиһаз жасаушы кәсіпкерлерді қолдау орталығынан көмек сұрады. Жобаны қаржыландырудың ықтимал шарттары, заңды және есептік қызметтерге жүгінді. Іс жоспарын құруды үйренді. Бұның бәрін кәсіпкерлерді қолдау орталығының мамандары көрсеткен көмектер.

Жиһаз цехын ашатын жер біраз қиындықтар тудырды. «Ол жер орталықтан тым алыс, жиһаздың өтуіне кедергі келтіреді. Инфрақұрылымы да нашар», – деп күйзеледі Ертіс. Палата сарапшылары түрлі коммерциялық нысандардың басшыларымен сөйлесе келіп, бұл мәселені де кәсіпкердің ығына сай етіп жарастырып берді.

Қазіргі таңда өндіріс тұрақты жұмыс істеп тұр. Бүкіл Шортанды ауданын жаңа жиһазбен қамтамасыз етіп отыр. Келешекте жиһаз шебері кәсібін кеңейтіп, нарықты жаулап алуды көздеп жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер