astana-view

Айыртаулық бизнес-ханымдар несиелендіру жайын талқылады

2016 жылғы 19 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
11565 просмотров

Людмила Климовичтің иелігіндегі «Рандеву» кафе-мейманханасында Айыртау ауданының бірнеше танымал іскер әйелдері бас қосқан алғашқы бизнес-таңғы асы өтті

Жайлы жайғасқан бизнес-ханымдар кофе іше отырып, әйелдер бизнесін несиелендіру және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберіндегі несиелендіру жайларын талқылады.

СҚО КП жергілікті Кәсіпкерлерді қолдау орталығының менеджер-кеңесшісі Меруерт Сұлтан бизнес-ханымдарды қазіргі уақытта әйелдер кәсіпкерлігін несиелендіріп жатқан екінші деңгейлі банктер жайынан хабардар етіп, олардың талаптары мен шарттарын егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті.

Шара барысында қатысушылар кәсіпкерлерді дамыту мен қолдау көрсетуге, сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған Палата тарапынан атқарылып жатан шаруалар жайына қанықты.

«Рандеву» кафе-мейманханасының иесі, «Ludmila» ЖШС-ның директоры Людмила Климович әріптестеріне табысқа жету жолын баяндап, бұл бизнесті ашу туралы ой қайдан туғанын, ол ойын жүзеге асыруда Палатаның жергілікті филиалы қандай рөл атқарғанын әңгімелеп берді.

«Жас кәсіпкерлер мен ісін жолға қойған кәсіпкерлерге арналған, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларымен таныстыру және тәжірибе алмасу мақсатындағы мұндай шараларды тұрақты түрде өткізіп тұруды жоспарлап отырмыз»,– деді СҚО КП аудандық филиалының директоры Данияр Қалымов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер