astana-view

Іскер ханымның подиумы

2016 жылғы 19 Сәуір
- Алматы қаласы
8693 просмотров

Алматы қ. ӨКП Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, дизайнер Айнұр Тұрысбек 2016-2017 жаңа күзгі-қысқы топтамасын ұсынды

Алматы Кәсіпкерлер палатасы мен «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесі жетекші қазақстандық дизайнер Айнұр Тұрысбектің сән көрсетіліміне қолдау көрсетті.

Отандық өндірушінің есімі шетелдерде де танымал. Алғаш рет 2012 жылғы Kazakhstan Fashion Week сән апталығына қатысқан дарынды дизайнер Украина және Грузия секілді таяу шетелдердің подуимдарына шығып, париждік инсайдерлермен танысқан соң өз сауда белгісін Парижде ілгерілете бастайды. Стильшілер мен фотографтардың сүйіктісіне айналған ұлттық колоритке бай киімдер әп сәтте-ақ Numero, SSAW, Elle France, Vogue Italy, L’Officiel секілді әлемдік баспасөз беттерінен көріне бастады. Мартин Солвейг Tomorrowland-тың сансыз көп көрермендері алдына Айнұр ұсынған тотал-лукпен шықса,  L’Express бауы бар биік етік киген Кара Делевиннің суретін жариялайды.  

Сән көрсетілімі «Қазақфильмнің» түсіру павильонында performance show стилінде өтті. 2016-2017 күзгі-қысқы маусымының сәндік топтамасы сырт киімге, көйлектер мен тоқыма киімдерге отбасылық сурет бейнеленген бастырмалар салумен ерекшеленеді. Бастырма суреттерде бір отбасы мен тұтастай ұлттың басынан өткен тарихи оқиғалар бейнеленген. Бейнелер қазақ тіліндегі жасампаз мәні бар «Қаһарман», «Өмір өткелдері» секілді сөздермен толықтырылған.

Топтамада кей жерлері «фирмалық» байкерлік стильде безендірілген бұйраланған қой терісінен алынған үлбір жиекпен алмасатын фактуралы былғары қолданылған. Бұл тәсілді ол топтаманың барлық дерлік – былғары күртеден бастап классикалық үлгілегі пальто мен шалбарға дейін –  таңдаулы элементтерін жасау кезінде басшылыққа алған. Панк-шик стилінде шебер орындалған бұдырлы элементтері бар жилеттер, шолақ шалбарлар мен бетперделер. Жабайы ешкінің жүнінен жасалған сүйретпелер, оюланған биік бақташы етіктері мен заманауи көшпендінің әлемдік ауқымдағы кейпін толығымен ашып көрсететін ағартылған сүйектен жасалған ассессуарлар. Номадтық этника мен спорт, байкерлік сипат аралығын сақтай отырып, Айнұр қазіргі Қазақстанның тарихы ретінде өз өмірінің түрлі кезеңдерін ашып көрсеткен. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер