astana-view

Бар қызметкері болуға баулу

2016 жылғы 20 Сәуір
- Жетісу облысы
9026 просмотров

Неміс маманы студенттерді бармен мен баристо болуға үйретті

Талдықорған сервис және технологиялар колледжі Дуалды оқытудың жол картасы қатысушыларының бірі болып саналады. Былтырдан бастап Кәсіпкерлер палатасы мен Рестораторлар қауымдастығы бастамасы бойынша оқу орны базасында мейрамхана бизнесінің болашақ мамандарын даярлау бойынша ресурстық орталық жұмыс жасауда. Алматы облысында «Аға сеньорлар қызметі» жобасының аясында Германиядан шетелдің жоғары білікті мамандарын шақыру дәстүрге айналған.

Айта кететін бір жайт, бармен және баристо секілді кадрлардың жетіспеушілігі ресторлар проблемасы болып отыр. Сондай-ақ, даяшы мамандығына да көп адамдар көңіл бөлмей, оған оқытудың қажеттілігі жоқ деп есептейді. Бұл пікір мейрамханалар мен кафелердегі қызмет көрсету сапасына әсер етпей қоймайды. Себебі даяшы – мейрамхананың айнасы, келушілерді қарсы алатын бірінші адам. Сондықтан да Талдықорған сервис және технологиялар колледжіне тәжірибелі бармен Моника Зульді шақыру шешімі қабылданды. Өндірістік оқыту шеберлерімен бірге кезеңге арналған жұмыс жоспары жасалды. Екі апта бойы неміс маманы теориялық және практикалық сабақтар, шеберлік сыныптарын өткізді. Сабақтардан студенттер коктейльдердің түрлері мен жіктелуі туралы, оларды өндіру тәсілдері мен дегустация жасау тәртіптері, оларды ұсыну тәртіптері, түрлі тағамдармен сәйкестігі, сонымен бірге өз қолымен жасалған коктейльдердің дегустациясын жасады. Болашақ бармендер жұмыс жасайтын жабдықтарға да қызығушылық көп болды.

«Колледж есігі инновациялар үшін үнемі ашық. Біз өз колледжіміздің нарығымыздағы қажеттіліктерді ескере отырып жұмыс жасайтынына қуаныштымыз. Қала рестораторлары оқу жоспарын жасаудан бастап біліктілік емтихандарына қатысуға дейін оқу процесіне араласып отырады. Балалар биыл «Ассорти», «Нұр», «Фортуна» және т.б. мейрамханалар базасында тәжірибеден өтті. Студенттер ғана емес, ұстаздар да, мамандандырылған пәндер шеберлері де біліктілігін арттыруға мүмкіндік алды. Жұмыс беруші оқу процесінің ұйымдастырылуына тікелей әсер ететін вектор болуы керек», – деді Алматы облысы ӨКП адам ресурсын дамыту бөлімінің басшысы Алмагүл Оңғарбаева.

Еске салсақ, дуалды оқытудың жол картасына өңір бойынша 18 колледж қатысқан.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер